Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары. Зат есім.

28 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызба - нұсқа, тақырыпқа арналған кесте - плакат, тақта, бор, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі*оқушыларды түгендеу;
*оқу құралдарын тексеру;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:
116 - жаттығу
Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.
Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.

117 - жаттығу, ереже сұрау
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Беу, дүние - ай - шаттану мақсатында қолданған
Апырмай - ұнату мағынасында қолданған.
Ережені сұрау:
- Атауыш сөздер дегеніміз не?
- Мысал келтір
- Атауыш сөздер қанадай мағына береді?
- Көмекші сөздер қандай мағына береді?
- Көмекші сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

Абай өлеңдерінен көмекші сөздерді табу.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін
Көкірегі ояу, көзі ашық, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кітап келді алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөзі айрылмас.
Мақал – мәтелдерден көмекші сөздерді табу
1. Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды дауға берме.

2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
3. Отан оттан да ыстық
4 Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

ІІ. Жаңа сабақ Сөз таптары. Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?), Оқушы ( кім?), іні (кім?) Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауын жалпы есім дейді. Заттардың ішінде бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы атаулыға тән болса, Байжан, Гүлнар деген сөздер жалпыға емес, жеке кісіге ғана қойылған.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс
118 - жаттығу: Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.
1. Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т. б.
2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;
3. Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы
4. Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені
5. Газет - журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»
6. Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс, Алабай т. б.

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
/жалқы есімдер, деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасау.

V. Талдау - табыс кілті
Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.
1. Зат есім сөздерді табу.
2. Құрбы сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
І топ. Фонетикалық талдау жасау /мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады/
ІІ топ. Фонологиялық талдау жасау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сөз таптары. Сан есім
Сөз таптары. Сан есім
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, сан есім туралы түсініктерін дамыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандыру
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×