Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов «Көксерек» хикаяты Адам мен аң тартысы

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
«Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы
Шарбекова Саулет Қабиболлақызы

(Сабақ - телехабар) 7 – сыныпқа арналған

Сабақтың тақырыбы: М Әуезов «Көксерек» хикаяты. Адам мен аңтартысы
Сабақтың білімдік мақсаты: «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту
Сабақтың танымдық мақсаты: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшінкүрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1. Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты қайта қарау;
2. Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;
3. Мамандыққа баулу.
Сабақтың түрі: Іскерлік сабағы

Өткізу тәсілі:
монолог жазу, пікір қорғау, образға ену,
Пәнаралық байланыс: Психология, әлем әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд

Қайырлы күн, құрметті мектеп оқушылары мен ұстаздары және мектеп қонақтары. Бүгінгі сабақтың басты мақсаттары:
- «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың озбырлық жолға түсуін суреттеудегі жазушының шеберлігін тану;
- Аң мен адам арасындағы тіршілік үшін күрестің қиын да күрделі әрекет екенін дәлелдеу;
- Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты өзгерту; шәкірттердің іскерлік, біліктілік қабілеттерін дамыту; мамандыққа баулу
М Әуезовтің «Көксерек» хикаяты бойынша «Адамның жауыздығы күшті ме? Аңның жауыздығы күшті ме?» деген тақырыпта шәкірттер өз пікірлерін ортаға
Бүгін біздің сыныпта жас жазушылардың байқауы өтті. Онда жас қаламгерлер Адамның, қасқырдың, иттің монологын жазды. Біздің бейнебаянға назар аударыңыз.

Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері,
Жабылыпты Көксерекке көп төбет.

Бөрі - дағы бөрілігін жасапты,
Қасқырдайын көріп пе едің қасапты?
Тамақ беріп күтіп - баққан Құрмашты
Жауыз қасқыр аямай - ақ асапты, - дегендей кейіпкер бейнесіне еніп, монолог жазайық. (Оқушылар монолог жазып, оны қорғайды.) Монолог тақырыбы:
Мен – Құрмаш
Мен – Көксерек
Мен – Қасен
Мен – Аққасқа

Бүгін біздің сыныпта М Әуезовтің «Көксерек» хикаяты бойынша оқушылар салған суреттерінің көрмесі болды.

Қасқыр туралы түрлі шет ел әдебиеттеріне шолу
(Мұғалім Джек Лондонның «Ақ азу» хикаяты, Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы туралы айтып береді)
- Американ жазушысы Джек Лондон ХІХ ғасырда «Ақ азу» деген хикаят жазған. Онда қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған. М Әуезов осы шығарманы оқыған соң, қарсы пікірде қасқырдың адамға дос емес, жау екенін дәлелдегісі келіп «Көксеректі» жазды. Себебі далада мал бағатын қазақ үшін қасқыр - қырдың жауы. Ал М Әуезовтің шәкірті Шыңғыс Айтматов бұл туралы өз шығармасын жазды. «Жан пида» деп аталатын романда қасқырдың қасқырлық жолға түсуіне адамның өзі кінәлі деген ой түйді. Бұл үш шығарма да - классикалық әдебиеттен орын алатын шығармалар. Ал қасқыр туралы келесі шығарманы кім жазады? Ол - болашақтың ісі. Мүмкін, сіздердің ішіңізде біреуіңіз жазар. Жаңа тым жақсы монологтар жазғандар бар. Сондықтан мына тақтада үлкен сұрау белгісі тұр.

«Көкжал» «Арлан»
Көксерекке мінездеме
Ашқарақ Ашулы
Долы Ызақор
Жыртқыш Арам
Кекшіл Төзімді
Қыңыр Күшті
Тұмшалаған бұлдыр күн сірә батты,
Артыңыздан мөлдіреп бұлақ ақты.
Талай қазақ сіз қалдырған сөз өнерін
Көзіңіздей бағалап келе жатты.

Әр сөзіңнен жүрекке бақ тарады.
Тілін ұрпақ Мұхтардың жаттар әлі.
Мұхаңның дарынымен дархан қазақ
Қай ғасырда болса да мақтанады!

үйге берілетін тапсырма:
1. 2 - 3 абзац үзінді жаттау:
2. «Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):
3. Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау
4. Монологты аяқтау
Қорытынды:
Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

Қымбатты балалар, бізді манадан бері толғандырып, ойландырып, айтыстырып отырған әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов. Оның «Көксерек» әңгімесі. Оның жазушылық шеберлігі. Осындай талантқа таң қалмасқа, сүйсінбеске болмайды.

Ертеңге кәміл сенген абайлықтар,
Мұхтар мен Абай артқан талай жүк бар.
Жаз сайын құлпырғанмен мынау өңір,
Шіркін - ай, туар ма екен Абай, Мұхтар!

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
1) Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, ондағы берілген өзекті ойды анықтау. Жазушының әлемдік деңгейдегі суреткер екендігін дәлелдеу.
2) Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
3) Шығармашылық қабілеттерін дамыту, іздендіру, өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: Анықтама, жоспар, тірек - сызбалар. Сурет, кітаптар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ. Қорытындылау.
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті. Сабақ 3 бөлімнен тұрады.
І. Талдау.
ІІ. Жалғау.
ІІІ. Самғау.
Алдымен бүгінгі сабағымызға байланысты Анықтама бетін ашамыз.
Анықтама: Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
Туған жылы – 1897
Туған жері – Семей облысы, Абай ауданы.
Әңгімесі (таңдаулы) – «Көксерек» - 1929ж.
Тақырыбы: Қасқыр – Табиғат – Адам.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев
Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.
Әлем әдебиетінде:
Ш. Айтматов – «Жан пида» романы,
Джек Лондон – «Ақ азу» хикаяты,
О. Сүлейменов – «Бөлтіріктер» өлеңі.
Енді сабағымызды бастаймыз.
1. Талдау бөлімінде әр топқа сұрақ беріледі. Сол сұрақ бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.
Мақсат: Осы сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіменің негізгі идеясын, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау.
Сұрақтар:
1. Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі ұқсастық неде?
2. Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі.
3. Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?
4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар.
Талдау әдістері:
- Венн диаграммасы,
тірек - сызбалар,
пікірталас ұйымдастыру,
өз болжам, жобасын ұсыну.
Қорытындылау. Сонымен, сұрақтарға жауап бере отырып, біз мынадай түйін жасаймыз.
Жазушы оқырманға не айтпақшы?
Жазушының жан айқайы не?

Екеуінің арасындағы байланыс. Қандай болу керек? Екеуінің арасында үндестік, үйлесім, өз заңдылығы болу керек екен. Ол заңдылық еш уақытта бұзылмауға, сақталуға тиісті!
Жазушы, егер бұл заңдылық сақталмаса, оның жақсылыққа апармасын ескертеді.

ІІ. Енді сабағымыздың 2 - ші «Жалғау» бөліміне көшейік. Жазушы ойын жете түсіне білу үшін, көңілге түю үшін көңіл көзімізді ашып, жүректегі сезімді оятамыз. Ол үшін мәтіннен үзінділер келтірелік. Жатқа мәнерлеп оқу.
1. «Қасқырлар мекені».
2. «Көксерек – көкжал қасқыр».
3. «Құрмаштың қайғылы тағдыры».
4. «Көксеректің өлімі».
Адам және табиғат. Үндестік заңы. Бұл – жер бетіндегі барша адамзат үшін, оның ұрпағы үшін өте маңызды мәселе. Өйткені ол тіршілік үшін, оның тыныштығы үшін қажет. Жазушы бүкіл адамзат баласы үшін маңызды мәселені көтеріп отыр. Бұл тақырыпқа әлем әдебиетінің ең көрнекті өкілдері де қалам тартқан. Олар: Ш. Айтматов, Джек Лондон, О. Сүлейменов.
Жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын. Тапсырма: жоғарыдағы жазушылардың шығармаларын оқып, «Көксерек» әңгімесімен салыстыра талдау. Сөз кезегін осы оқушыларға берелік:
1. Ш. Айтматов «Жан пида» романы.
2. Джек Лондон «Ақ азу» повесі.
3. О. Сүлейменов «Бөлтіріктер» өлеңі.
Сонымен, оқушылар бұл жерде жазушының және оның шығармасының құндылығын байқаймыз. Әңгіме арқылы жазушының әлемдік деңгейдегі ірі суреткер - жазушы екендігін таныдық.

ІІІ. Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар: «Жазушымен сырласу»,
«Табиғат және Адам»
Ол үшін мына бір өлең жолдарын ұсынамын:
Жазушымен сырласу,
Табиғатқа тіл қату,
Адамдарға үн қату.
1. Мұхтар ағаға. Ұлы ұстазға өлең шумақтары.
2. «Қиянат қасіреті».
3. «Ізгілік бастауы».
4. «Табиғат тыныштығын сақтайық!».
Сонымен, балалар біз өз сөзімізді айттық, өз дауысымызды бердік, үнімізді қостық.
Сөзімізді былайша аяқтасақ:
Табиғат – Ана!
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір - өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

Тапсырма. Шығарма. «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті».
Бағалау. Әр топ, топ мүшелері бағаланады.
Сабақ аяқталды.
Үйге: «Менің әңгімеден алған әсерім».

Қорытынды.
Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады. (Шыңғыс Айтматов)
29 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесін, хикаяттағы тарихи тұлға арқылы оқушылардың көзін шындыққа жеткізу. Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза шығармаларымен байланыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Көксерек
Көксерек
Астана қаласы, №66 мектеп - лицей. Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Баймолдина Сәнім Шәкірқызы
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, № 21 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (7 сынып)
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×