Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі

02 мам 2013, Бейсенбі
Сыныбы: 7
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық СТО 48 - бет,
Диалогтік оқытудың маңыздылығы 38 - бет.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Жалпы мақсаты: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан - жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану. Өз ойларын толық байланыстыра отырып, сөйлеу шеберлігін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір - біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп білім алуына мүмкіндік беру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар Топтық жұмыста өзін - өзі реттей алады. Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзете алады.
Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика

3 топқа бөлу.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

І Қызығушылығын ояту
Қасқыр. Табиғат .Адамзат.

Берілген сөздерді суреттермен байланыстырыңыз Өлең шығарыңыз
Анасы, оның, тіршіліктің, баласы, бір бөлшегі, Жаратқан, адамзатты, сенде, махаббатпен, сүй, ғұламатты, ұлы.

ІІ. Мағынаны таны
Венн диаграммасы
Квадрат тобы: Көксерек
Ауыл өмірі --------------- Тағылық өмір
Шеңбер тобы: Адам мен қасқыр

Үшбұрыш тобы
Аққасқа -------------- Көксерек

ІІІ. Ой толғаныс
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы. Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді өлтіруі дұрыс емес.

Өз пікірің
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.

Сергіту сәті
Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы?
Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды?
Жауап: (Бір, Түйеқұс ұшпайды)
Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені сақтауымыз керек:
Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.
Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.

Сұрақтар:
Шөптің түсі қандай?
Аспан түсі қандай?
Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
Күннің түсі қандай болады?
Қардың түсі қандай?
Теңіздің түсі қандай?
Құрбақаның түсі қандай?

Жауаптары:
Жасыл;
Көк;
Шөптің түсі сияқты;
Сары;
Қызыл, күрең қызыл;
Жарқыраған;
Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей;
Батпақ түстес;

V. Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. топтан бір оқушы қорғайды.
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
Үйге тапсырма
Композициялық жоспар бойынша сурет салыңдар.
Р/с ------Әңгіменің композициялық элементтері --------------------- Композициялық жоспар
1. --------Оқиғаның басталуы --------------------------------------- Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.
2. --------Оқиғаның байланысы ---------------------------------- Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы
3. --------Оқиғаның дамуы -------------------------------------- Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.
4.-------- Оқиғаның шиеленісуі------------------------------- Көксеректің өз қандастарына қосылуы
5.-------- Оқиғаның шарықтау шегі ----------------------- Көксеректің жойқын күшке айналуы
6. --------Оқиғаның шешімі ------------------------------- Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы

Бағалау Топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша бағаланады.
Рефлективті байланыс Инсерт кестесі
Білемін + білдім + білігім келеді +
44 132
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
М. Әуезов  «Көксерек» әңгімесі
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу; “Көксерек” әңгімесін қайталай отырып, алдыңғы алған білімдерін тиянақтау. Қасқыр туралы пайымдаулар жайында ой жинақтау.
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, № 21 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шылау сөздер
Шылау сөздер
Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер Сыныбы: 6
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×