Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов "Есіл бойында"

10 қаңтар 2014, Жұма
Әдебиет (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»
Сабақтың мақсаты: С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің сюжетін, тақырып, идеясын таныту, меңгерту.

Міндеттері:
1. Білімділік. С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын топтастыру, үзіндінің «Өмір мектебі» романынан алынғанын таныта отырып, мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, сөз саптауын, көркем шығарманы қабылдауын дамыту. Логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту;
3. Тәрбиелік. Туған жер табиғатын танып - білуге баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, проблемалық ізденіс, талдау, көрнекілік әдісі
Көрнекілігі: кесте, слайд, үнтаспа, карта
Пәнаралық байланыс: география, музыка

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын тақтаға жазу.

3. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Сәбит Мұқанов 1900 ж. 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген. 7 жасында әкесінен, 8 жасында шешесінен айрылады. Жастайынан жетімдіәк пен жоқшылықты көріп, жалшылықта жұмыс істейді. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі. Ол ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы өлең - жырды жаттап, жұрт алдында айтып беретін болған. Тұңғыш шығармасы – 1917 жылы жазылған «Көңілім» атты өлеңі. Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 ж. жарық көрген.

Шығармаларын топтастыру.
Поэмалары: «Жұмаштың өлімі», «Балбөпе», «Октябрь өкілдері», «Ақ аю»
Әңгімелері: «Әсия», «Азғын», «Кер заман», «Алтын аймақ», «Тіл алушылар»
Повестер: «Ақбөпенің зары», «Достар», «Балуан Шолақ», «Бақташының баласы»
Романдары: «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Теміртас», «Есіл», «Сырдария», «Өмір мектебі»
Драмалары: «Қашқар қызы», «Шоқан Уәлиханов», «Алтын астық», «Ақан мен Зайра»
Зерттеу еңбектері: «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Халық мұрасы», «Өсу жолдарымыз», «Абай Құнанбаев монографиясы»

Негізгі бөлім.
«Есіл бойында» әңгімесі - «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді.
Әңгіменің сюжеті:
1. Әңгіме Есіл бойы өзенінің табиғатын, тоғайын, жасыл шалғынын, бал татыған жеміс - жидегін, асау Есіл өзенін суреттеумен басталады.
2. Оқиға одан әрі Есіл өзенінің сұлу табиғатына тамсанып, шабыты келген адамның көңіл - күйін сипаттаумен байланысады.
3. Мырзатаймен болған әңгіме. Мырзатайға сипаттама.
4. Мырзатайдың ән салу өнері.
5. «Есіл тасып барады» әнінің тарихы. «Әңгіме ішіндегі әңгіме»
6. Ән өнеріне деген автордың көзқарасы.

Айналмалы бөлімдер.
Қазақстанның географиялық картасымен жұмыс.
Картадан есіл өзенін тауып, көрсетіңдер. Есіл өзенінен сипаттама беріңдер.
Проблемалық ізденіс.
Жазушы Есіл өзенінің көркін таныту үшін жазушы табиғаттың қандай құбылыстары мен көріністерін суреттейді?
Бұл суреттеу әдебиетте пейзаж деп аталатынын аңғарту, дәлелдеу.
Мұратбек қандай халық композиторының әндерін айтады?
«Есіл тасып барады» әнінің өзіндік ерекшелігін атаңдар.

Мәтінмен жұмыс.
Шығармадан жазушының көркем тіл шеберлігіне назар аударып, бейнелі сөздерді табыңдар.

Дәптермен жұмыс.
Шығармадағы кейіпкерлерге образдық талдау жасаңдар. Образдық талдау 4 бөлімнен тұрады:
1. Кейіпкердің портреті.;
2. Кейіпкердің мінезі;
3. Кейіпкердің ұнамды немесе ұнамсыз әрекеті;
4. Кейіпкердің мақсаты.
4. Білімді бекіту.
Сұрақ - жауап арқылы.
1. Сәбит Мұқановтың өмірбаянынан не білдік?
2. Жазушының шығармашылығын неше топқа бөліп қарастыруға болады?
3. «Есіл бойында» қай шығарманың үзіндісі?
4. Әңгіме не жайында?

Сергіту сәті.
Үнтаспадан «Музарт» тобының орындауындағы «Есіл ағады» әнін тыңдату.
5. Үйге тапсырма.
1. Әңгімені мазмұндау.
2. Бір әннің тарихын жазып әкелу.
6. Бағалау.
Рефлексия кезеңі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Сұлушаш» поэмасын талдау жасау арқылы меңгерту. Жазушының биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу.
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан - жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×