Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты қорғау баршаның міндеті. Есімдікті қайталау

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Сыныбы: 6 (орыс тобы)
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау баршаның міндеті.
Есімдікті қайталау
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың есімдіктен өткенді қайталап, жаттығу жұмыстары арқылы пысықтау; Қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2) Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
3) Табиғатты қорғауға, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірлесу, СТО стратегиясы
Сабақтың түрі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғат туралы ролик

Эпиграф
Табиғатты қолдай біл,
Ақ құсындай қорғай жүр.
Білуіміз керек оны біз,
Біз де табиғаттың ұлымыз.
Табиғат бөлек демекпіз,
Сол үшін жауап береміз.

Сабақтың барысы
І) Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды түгелдеу
- оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ) Психологиялық дайындық
- Парақшаға өзіңе қандай тілек тілейді осы сабақта, соны жазып іліп қою керек
ІІІ) «Жиған - терген»
Екі топқа тапсырма
1) «Тіршілік атауының бар арманы – ауа»
2) «Табиғат байлығы – өсімдіктер»
- осы тақырыпқа түсініктеме беру және сөйлемдерді жазғанда есімдіктерді
пайдалану керек

ІV) « Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.» (Абай)

№ Сөйлем ------------------------------------------------------- Есімдіктің түрі
1. Кім көп еңбектенсе, үлесті де мол алады ---------- Сұрау
2. Бұлар адамға пайдалы таулы өсімдіктер ----------- Сілтеу
3. Сол ауамен демалған адамның бәрі ауру ---------- Сілтеу, жалпылау
4. Әлияның жағдайын ешкім түсінбейді --------------- Болымсыздық
5. Қамыстың арасынан әлдене жарқ - жұрқ етті ----- Белгісіздік
6. Әркім өз жөніне кетті -------------------------------------- Белгісіздік, өздік
7. Оларға ауа, су, өсімдік, жануар жатады -------------- Жіктеу
8. Табиғат дегеніміз не? -------------------------------------- Сұрау
9. Мына жердің ауасы қандай керемет ----------------- Сілтеу
10. Ешқандай жануар зардап шекпесе екен ------------ Болымсыздық

V) «Зерделі сұрақ - дәлелді жауап»
О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен - көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
- Қалай ойлайсыңдар, кімнің сөзі бұл? Кім бізге аманат қалдыруы мүмкін?(жер)

Тіршілікте төрт құдірет – Күн - ана, Жер - ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды.
- Мақал – мәтел жарысы (2 топ бір - бірімен жарысады)

VІІ) «Қызықты сабақ - қиялға қанат»

Табиғатқа тіл бітсе........ не дер еді?
Мини эссе

VІІІ) «Талдау - табыс кілті»
Олай болса, «Тіршілік көзі - су» деп атайды ғой, сондықтан соның дәлелін мына көріністен көрейікші. Сосын екі топқа тапсырма беріледі.
2070 жыл. Әр адам басына күніне 400гр су беріледі. Анасы мен баласы су беретін пунктіне барады. Қайтып келе жатқанда, анасы суды төгіп алады. Анасы абыржып жылайды. Баласы қайта барып, су сұрауды жөн көреді. Екеуі барып сұраса, былай дейді: «Сіз бір күндік суыңызды алдыңыз. Егер сіздерге тағы су беретін болсам, басқа адамдар сусыз қалады».
Ал енді осы көріністен түйгендеріңді дәптерге жазсаңдар.

IX) «Көнеге зер салсаң өнеге көп»
- Шығармашылық жұмыс
Бағалай білмегенге бақ қонбайды. (Әбіш Кекілбаев)

Яғни табиғатты қорғау туралы ырым мен тыйым сөздер бар соларды айтып кетсек
1) Жас шыбықты сындырма
2) Жерді сабама, жерді тепкілеме
3) Жәндіктерді жәбірлеме
4) Ұяны бұзба
5) Балапанға тиме
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса - шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса - қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе - көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

X) «Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ» (Оралхан Бөкей)
Олай болса, мына тақтаға қарап, табиғаттың ғажап беттерін тағы бір көрейікші.
(Видеоролик табиғат туралы)
Қандай ой түйдіңдер?

XІ) Қорытынды «Жүректен – жүрекке»
Сабағымызды қорытындылай келе, мына тақтада ілініп тұрған күн сәулесіне өздеріңнің табиғатқа деген тілектеріңді іліңдер
XІІ) Бағалау
XІІІ) Үйге: тыйым сөздердің мағынасын ашу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 902
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты адам қалай зерделейді?
Табиғатты адам қалай зерделейді?
Табиғат туралы түсініктерді қайталау, бақылау әдістерін білу, тәжірибе жасай алу Табиғат туралы түсініктерді қайталайды, бақылау әдістерін біледі, тәжірибе жасай алады
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Тірі, өлі табиғат туралы, денелер туралы ұғым беру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Танымдылық қабілетін дамыту. Еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Табиғат - тіршілік белгісі
Табиғат - тіршілік белгісі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнің мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×