Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен өткенді қайталау

31 қаңтар 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін еске түсіре отырып, түсініктерін кеңейту, білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау - қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс. кластер, ребус, жұмбақ, метаграмма шешу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, жағрафия, информатика, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық..
Сөзжұмбақты шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады

1. Балалардың ойыны (асык)
2. Қазақстанның астанасы (Астана)
3. Ең қымбат адам( ана)
4. Алтай Республикасының бір ауданы (Чемал)
5. Баланы тербететін ( бесік)
6. Жануар (піл)
7. Қазақ халқының батыры ( Алпамыс)
8 Қосағаш ауданының әншісі (Жанайдар)
9. Қоянның баласы (көжек)
10. Қазақ халқының аспабы (домбыра)

Жауабы – Сан есім.
Демек, бүгін біз « Сан есім» мемлекетіне саяхат жасаймыз

Біріншіден, сан есім туралы біз не білеміз?

Қандай сұрақтарға жауап береді?
Мағыналық түрлерін атаңдар
Құрамдық түрлері?
Сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарады?

Қазақ халқында қандай сандар қасиетті болып саналады? (3, 5, 7)
Есте сақтаңдар!
Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы.

Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына

Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса -
Бәрінен де сол жетім.

Бірінші қала « Есептік сан есім» - « Количественные числительные»
Мәтіннен есептік сан есімдерді табу

Алтай Республикасының астанасы – Горно - Алтайск қаласы. Оның көлемі - 92, 6 мың кв. км. халық саны – 205, 6 мың адам. Республикада 10 аудан, 1 қала. Ең биік тау – Белуха, оның биіктігі - 5448 метр.

Екінші қала «Реттік сан есім» - « Порядковые числительные»
Жеті аталарыңды ойға түсіріп, реттік сан есімдерді жазыңдар

Атасы ( дед) – бірінші
Әкесі ( отец)-...
Баласы( сын) -...
Немересі ( внук)-...
Шөбересі( правнук) -...
Шөпшек ( праправнук) -...
Немене(прапраправнук) -...

Үшінші қала «Жинақтық сан есім»- «Собирательные числительные»

Жұмбақтарды шешіп, жинақтық сан есімдерді табыңдар
Кездеспейді екеуі
Көк аспан мекені ( ай мен күн)
Басы да екеу
Аяғы да екеу ( қайшы)
Қатар тұрып екеуі
Бірін бірі көрмейді
Көр десең де көрмейді ( екі көз)
Біреуін бердім,
Онын тердім.
(тұқым)
Сағат қанша болды айтшы?

Келесі қала «Бөлшектік сан есім» - «дробные числительные»

А) Цифрларды сөзбен жазыңдар (230 упражнение)

Б) Метаграммаларды шешіңдер

Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады. /Қауын — Жауын/

Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп. /Түн - Күн/

Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын. /Мұз - Тұз/
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын. /Су - Бу/

Сергіту сәті.

Бесінші қала - Болжалдық сан есім (предположительные числительные)

А) Сөйлемдер құрастырыңдар
Жетідей. Жүз шамалы. Он шақты
Б) Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойып жазу
1. Білекті.... жығады, білімді.... жығады.(бірді)
2. Қызға...... үйден тыю.(қырық)
3. Ер жігіттің..... сөйлегені өлгені.(екі)
4..... ала болса, ауыздағы кетеді(алтау)
5...... кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.(қырық)
6..... атасын білген ер,.... жұрттың қамын жер.(жеті)
7. Білгенің....., білмегенің –...... (бір тоғыз), (тоқсан тоғыз)

Алтыншы қала - Топтау сан есім (разделительные числительные)
Суретке қарап топтау сан есімдермен сөз тіркестер құрастыру

Логикалық сұрақтарға жауап беру
1. Қандай айда 28 күн?
Ответ: барлық айда

2. Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ, Алматыда екеу, Астанада үшеу? Ол не?
Жауабы: “а”әрпі

Сандар сөйлейді?
Бағалау
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×