Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесін оқыту

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Б. Майлиннің «Түйебай» әңгімесін оқыту
Қазақ әдебиеті 6 сынып

Сабақтың мақсаты: 1. Бейімбеттің кейіпкер характерін шебер сомдайтын жазушы екендігін ұғындыру. Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, әр кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңілдіру.
2. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу мәдениетін дамыту, әдеби тілді кеңінен қолдануға дағдыландыру. Шығарма әлеміне ендіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық шеберлігін, әртістік өнерін шыңдау.
3. Оқушыларды адамгершілікке, бірлікке баулу. Қатыгездікке, зорлық - зомбылыққа төзбеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Ауызша журналға арналған буклет.
2. Әңгіме мазмұнына сай таблица - плакат.
3. Әңгіменің композициялық - сюжеттік құрылымы.
4. Дебатқа қатысты: а) сызба - кесте
ә) атаулар көрсеткіші
б) буклет
в) аргумент, резолюциялар.
5. Сот залынан көрініске арналған атрибуттар.
6. Техникалық құрал. Үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Өткен сабақты пысықтау
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Магнитафоннан Бейімбеттің:
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар,- өлеңі тыңдалады.

II. Өтілген материалды тексеру. Ауызша журнал бойынша жұмыс.
а) «Түйебай» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі?
ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде?
б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді?
в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды?
г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді?
д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді?
е) Әңгімеде молданың қатыгездігі қалай ашылады?
ж) Молда алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
з) Неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады?

III. Өтілген материалды тереңдете тексеру.

1.Әңгімені бөлімдерге бөліп, тақырып қойыңдар.

Бөлім Тақырып -------------------- Басты оқиғалар
I ------ Қоржынтомар ауылы --- 1. Ауыл суреті 2. Балалардың тірлігі
II ---- Молда ------------------ 1. Молданың оқуы 2. Жұмалық 3. Молданың қаһары
III --- Сабаққа кешігу ------ 1. Түйебайдың сабаққа кешігуі 2. Молданың қатыгездігі 3. Оқудан кету
IV ---- Мал соңында ------------ 1. Жайлауға көшу 2. Қой соңындағы Түйебай

2. Әңгіменің композициялық - сюжеттік құрылымын анықтау.
а) Композиция деген не?
ә) Сюжет деген не?

3. Әдебиет теориясымен жұмыс.
а) Пейзаж деген не? Әңгімеден мысал.
ә) Портрет деген не? Молданың портретін тап?
IV. Әңгіме мазмұнына сай кейіпкер характерін ашу үшін пікірталас.(дебат)
1. Жақтаушы топ.
Резолюциясы: «Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар»
Аргумент: «Адам болатын бала алысқа қарайды».

2. Қарсы топ.
Резолюциясы: «Аңқау елге, арамза молда»
Аргумент: «Молда көп, молда деген атын сатқан
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан».

V. Әңгімедегі молда мен Түйебайдың іс - әрекетіне баға беру.(Соттан көрініс)
Оқушылар сценарий бойынша сахналық көрініс дайындап, өзіндік дәлел, пікір айтуға дағдыланады.
Соттың атрибуттары сақталады. Соттың бас киімін, мантиясын киеді.
1. Соттың төрағасы.
2. Айыптаушы.
3. Ақтаушы.
4. Хатшы.
5. Түйебай.
6. Айыпталушы молда.
7. Куәгер.
Қорытындысында Молданың қатыгездігі, өзінің сауатсыздығы әшкереленіп, бала оқытудан аластатылады.
VI. Топтарға тапсырма. Түйебай өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?
1. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің? (Модулін жаса)
2. Әңгімеге ойтүйме (Резюме) жаз.
3. Әңгімені қалай жалғастырар едің? (әңгімені аяқтау)
4. Бүгінгі заманда Түйебайдың өмірі қандай болар еді? (Модуль)
5. Теңсіздік заманының болашағы (модуль)
VII. Қорытынды. Тұжырым жаса.
1. Әңгімені оқу барысында нені үйрендік? Қандай білім алдық?
2. Бүгінгі таңда оқу - білімнің қандай маңызы бар?
VIIІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын»,- деп С. Торайғыров айтқандай, біз өзіміздің қазақ екендігімізді мақтан тұтып, ұлттық ділімізді жоғары ұстауымыз керек. Еліміздің тарихын, дәстүрін, өнегелі өнерін көңілге тоқи отырып, асыл қазынадан жалғас тапсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
ІX. Білімдерін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма. «Түйебай» әңгімесінен алған білімдеріңді жүйелей отырып, Түйебайдың болашағы туралы ой - толғау жазып келіңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 661
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Б. Майлин «Түйебай»
Б. Майлин «Түйебай»
Әңгіме мазмұнын оқи отырып, салыстыра талдау арқылы өзіндік анализ жасай білуге, кейіпкер бейнесін ашуға мүмкіндік алады
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
«Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Тақырыбы: Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы «Благовещенка № 2 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қамытаякова Мира Сериковна
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×