Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорқыт ата кітабы

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы»
Мақсаты:
1. «Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
2. Әңгімелерін талдау арқылы өзіндік жұмыс істеуге машықтау, шығармашылықпен жұмысқа жетелеу.
2. Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсіл: мәнерлеп оқу, талдау, салыстыру, іздендіру, талдау
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудио диск, Қорқыт ата портреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Оқушыларға Қорқыттың «Қобыз» күйін тыңдатамын.
Тақтада қобыздың суреті көрсетіледі.
Ойларыңа ең бірінші қандай ой келеді?
Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атаның кітабы туралы әңгімелесеміз.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы.
Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру

Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші.
Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Ол кісінің мазары Қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.
Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толлассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен, артында күйлері, ұлағатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.

Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да, алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады.
Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», «Қобыз» т. б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорыта айтқанда жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы»,
«Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т. б.
Оқушыларға алдын ала тапсырма берілген болатын.
Оқушылар екі топқа бөлінген.
Зерттеушілер және әдебиетшілер тобы.

Әдебиетшілерімізге сөз берейік.
«Қорқыт ата кітабын» ҮІІІ ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:

1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
3. Байыс - Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
10. Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса - байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.

Қорқыт туралы бірден - бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 492
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×