Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойнайық та, ойлайық!

04 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» білгірлер әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау; олардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, дүниетанымын кеңейту; сөздік қорын молайту, қосымша ізденуге баулу; туған елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, ізденушілік, инсерт әдісі.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Іс - шараның түрі: саяхат
Көрнекілігі: суреттер, топ аттары жазылған плакаттар, слайдтар телевизор, ноутбук, смайликтер мен фломастерлер

Барысы: I Ұйымдастыру.
- Балалар, біз бүгін сендермен білгірлер әлеміне саяхат жасаймыз.
- Қандай әлемді (планетаны) білесіңдер?
- Дұрыс, ал енді «Білгірлер» әлемін естіп көрдіңдер ме?
- Жоқ.
- Ендеше ол әлемге ойша, қиялдап саяхат жасаймыз. Бірақ ол планета бізді тектен текке кіргізе салмайды. Оған өту үшін бізді ойландыратын әр түрлі жұмбақтар шешіп, тапсырмаларды орындауымыз керек екен. Ол үшін 3 топқа бөлініп, жарыса отырып саяхат жасаймыз. Саяхатымызда әр түрлі аялдамалар болады. Парталарында жатқан қиындыдан өз топтарынның атын шығарып алыңдар.
Қиындылардан "Ойшылдар", "Тапқырлар", "Алғырлар" деген сөздер шығады.
Әр топ өз аттарын айтады. Тақтаға топ аттары жазылған плакаттар ілінеді.

ІІ. Негізгі бөлім.
1 - слайдты ашу. "Ойнайық та, ойлайық!"
Топ ережесін айту.
Ән орындау "Дос болайық бәріміз"
Мұғалім ойынның ережесімен таныстырады. Әр аялдама тапсырмаларын орындаған сайын топтарға смайликтер беріліп отырады.

ІІІ. Ойынның басталуы.
1. «Сиқырлы сөйлем» аялдамасы. 2 - слайд
Келтірілген сөйлемдер қай мәтіннен алынған? Мәтіннің атын айт. Егер авторын айтсаң қосымша 1 ұпай беріледі.

3 - слайд. "Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес..."
4 - слайд. Жауабы: Ж. Аймауытов "Қартқожаның туған жері"

5 - слайд "... дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені, өз жері екен".
6 - слайд. Жауабы: Сәкен Жүнісов "Кімнің мекені жақсы?"

7 - слайд. "Бір мезгілде Керімнің іші бүріп ауыра бастапты"
8 - слайд. Жауабы: Ыбырай Алтынсарин "Салақтық"

9 - слайд."... балалармен асық ойнап жүрсем, бір ұп-ұзын сары кісі аттан түсіп, шылбырын ағашқа байлап жатыр екен"
10 - слайд. Жауабы: Қабдеш Жұмаділов "Ұзынсары"

11 - слайд. "Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын"
12 - слайд. Жауабы: Мұхтар Әуезов " Бала Абай"

13 - слайд. "- Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің?"
14 слайд. Жауабы: Мұхтар Әуезов "Бала Абай мен Барлас ақын"
Бірінші аялдаманың қорытындысын шығару.

2. «Шытырман ертегілер» аялдамасы.
Экраннан ертегілерден үзінді келтіріледі. Ертегінің атын айту керек. Ойынды қай топтың ұпай саны аз болса, сол топ бастайды.
15 - слайд.
Екінші аялдаманың қорытындысын шығару.
Сергіту сәті

3. «Зейін» аялдамасы. Бейнетаспа № 25 - 26 (2) Бұл аялдамада балаларға берілген сюжеттен қандай ағаштың түрлері жайлы айтылғаны және ол туралы не білгендерін ортаға салады. Тапсырманы орындауға 3 - минут беріледі.
Үшінші аялдаманың қорытындысын шығару.

4. «Аукцион» аялдамасы.
- Ана тілі пәнінен өткен шығармаларды өз білімдеріңмен «сатып аласыңдар». Мысалы, "Біздің топ 2 сөзден құралған сөзден шығарманы табады",- деп айтады. Экраннан шығарманың 2 сөзі шығады, егер таба алмаса, екінші топ: "Біз 3 сөзден құралған сөзден шығарманы табамыз",- деп жалғастырады. Осылай сөз санына байланысты ұпай саны беріледі. Егер авторын атаса, қосымша тағы 1 - ұпай беріледі.
16 - слайд.
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
17 - слайд. Жауабы: Несіпбек Айтов "Оқулық"

18 - слайд.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
19 - слайд. Абай Құнанбаев "Күз"

20 - слайд.
- Кім жомарт?
- Батыр жомарт -
Халық үшін жанын берген!
- Кім жомарт?
Ұстаз жомарт -
Бар балаға тәлім берген.
21 - слайд. Мұзафар Әлімбаев "Кім жомарт? Не жомарт?"

22 - слайд.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
23 - слайд. Абай Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба"

24 - слайд.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
25 - слайд. Мұқағали Мақатаев "Отан туралы"

26 - слайд.
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
27 - слайд. Күләш Ахметова "Бәйтерек"

28 - слайд.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
29 - слайд. Дихан Әбілев "Туған тілім"

30 - слайд.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
31 - слайд. Сырбай Мәуленов "Ата ақылы"

32 - слайд.
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның - таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?
33 - слайд. Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Төртінші аялдаманың қорытындысын шығару.
5. «Оймақтай ой» аялдамасы.
34 - слайд. Берілген әріптерді қосу арқылы "Мейірімділік" сөзін шығару керек.
36 - слайд. Жауабы көрсетілген.
Бесінші аялдаманың қорытындысын шығару.

ІІІ. Қорытынды. Әр топтың ұпай саны есептеледі.
Үш топтың оқушылары жинаған ұпай санына байланысты білімдері бағаланады.
Ән орындау "Дос болайық бәріміз"

ІV. Кері байланыс. Сыныптан тыс іс - шарадан мен не білдім? Жауаптарын оқушылар стикерге жазып іледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Кеулімжай Мира
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Ойланбақтар әлеміне саяхат
Ойланбақтар әлеміне саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі: Жазира Жубанова
Натурал санды 1-ге бөлу
Натурал санды 1-ге бөлу
Математика 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Натурал санды 1-ге бөлу
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша  көбейту
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Құспанова Ләззат Рымғалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×