Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 8 сынып (қазақ тілді мектеп үшін)
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сілтеме Қазақ тіл. 8 - сынып. С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова. «Мектеп» баспасы. 2012 ж.
Мақсаты:
1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын анықтау және мәтіннен таба білу.
2. Карточкаларды пайдалану, кітаппен, жеке топпен жұмыс барысында сабақта оқушының өз қызметін бағалауы.
3. Фильмнен үзінді көрсету, карточкамен, кітаппен жұмыс арқылы себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі сипаттары туралы түсініктерін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:
Топтық, жеке жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге ынтасы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, өзін - өзі тану.
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Топтастыру», «Карусель», «Жоғары деңгей сұрақтары», ойтолғаныс, «Екеулеп ойлан» стратегиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір - біріне тілек айтқызады:
Достар, шеңбер құрайық!
Қол ұстасып тұрайық.
Сабағымыз сәтті өтіп,
Қуанышты болайық!
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

1. Кіріспе. «Жоғары деңгей сұрақтары»
1. Сөйлем туралы кімде қандай пікір бар?
2. Неге олай деп ойлайсыңдар?
3. Келісесің бе, осы айтқанға?
4. Келіспесең неге келіспейсің?
5. Өздерің бөліскілерің келетін тағы ойларың бар ма? Кімде қандай ой бар?
6. Барлығың келісесіңдер ме?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Топтастыру» стратегиясы
Берілген карточкадағы сөйлемдердің қайсысы «шартты бағыныңқылы», «мезгіл бағыныңқылы», «қарсылықты бағыныңқылы» екенін ажырату арқылы сынып оқушыларын топқа бөлу.

Жаңа сабақ.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (с. б. қ. с.)
«Карусель» стратегиясы.
- Оқулықпен жұмыс жасату 136 - 137 беттер;
- Электронды оқулықпен (орталық білім ресурсы) жұмыс жасату,
- Ақпарат жинау барысын анықтау
- Жұмыс барысын бақылау,
- Жұмыс нәтижесіне талдама жасату,
- Бағалату

«Екеулеп ойлан» стратегиясы.
1. «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі: Мұғалім: - Балалар, бұл фильм сюжеті желісінен сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтіріңдер.
- мысал келтірту,
- қаншалықты дұрыстығын анықтау,
- жауаптарын тақтаға жазғызу.
Мақсаты: қазақ халқының салт - дәстүрі, шешендік өнері, тапқырлық, қыз бен жігітке лайықты сыйласымдылық, жарасымдылық қасиеттерін негізге ала отырып, әдеби тілде баяндауға тілдерін шыңдау.

«Қара жорға» биіне билету.
Оқушылардың бойын сергіту, ұлттық би өнерін насихаттау мақсатында сергіту сәтін жасату.
«Мағынаны тану»
«Күрделі сөйлемдер» стратегиясы.
Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалайды:
- оқушының сөйлемді тақтаға сауатты жазуын,
- жазған сөйлемді мәнерлеп оқуын,
- сөйлемге тілдік талдау жасай білуін.
Шарты: сөйлемге тілдік кешендік талдай жасай білу, соның ішінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисі, сөйлемге тән негізгі белгілерді анықтай білуі, бағыныңқы, басыңқы компонент - тердің байланысуы, сөйлем мүшелері, олардың сұрақтары мен қызметін анықтай алуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 029
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Атырау қаласы, №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×