Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ұлттық аспаптары

29 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турлыбекова С.К.

Біздің өміріміздегі музыка: Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары
О2 Стильдік ерекшелікті анықтау
Ж4 Грамматикалық нормалар
Сабақ мақсаты Сөз таптарының түрленуі, сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратады.
Теледидар және өзге де ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің стилін анықтайды, басқа мәліметтермен салыстырады.
Тілдік мақсаттар: Қажет терминдерді меңгереді.
Алдыңғы тақырып: Қазақтың атақты әншілері
Жоспар
Қызығушылығын ояту.
Қазақ әндерінен попурри тыңдап, ән атауларын табады.
Екі топқа бөлемін.
Құндылықтарымыз жайында естеріне түсіру мақсатында сұрақтар қоямын.
Жетістік критерийін беріп, сабақтың мақсатымен таныстырамын.
«Ойланыңыз, жұпта ақылдасыңыз, топта талқылаңыздар!»
Ұлттық аспаптар туралы не білесіз?
Мағынаны тану кезеңі.
Бейнебаянды көреді. «Ұлттық аспаптар»
Тапсырма:
1. Суреттерді дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіздер.
2. «Адасқан сөздер»
Әртістер/көрсетті /өнер.
Концертіне/ көрермендер/жас/риза болды/ өнерпаздардың.
Ашты/ұлттық/концертті/оркестрі/аспаптар.
Білдім/ сабақта/ аспаптар/ ұлттық туралы/мен/бұл.
3. Бейнебаянға қатысты екі сыныптасыңыздан сұхбат алыңыз.
Жалғастырып жазыңыз.
Өзге елдерге баратын болсаңыз, ондағы адамдар сізден ұлттық аспаптардың, біреуін сипаттап беруіңізді өтінсе, сіз қалай жауап берер едіңіз....
Жетістік критерийі:
1. Тыңдалымдағы мәліметті түсінеді.
2. Ұлттық аспаптың біреуіне сипаттама береді.
2 - сабақ.
Ой қозғау.
(жұмбақтар жасыру)
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)

Оқылым
Домбыра туралы аңыз
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.

Тапсырма: 1. Мәтінді топта бірге оқимыз. 10 мин.
2. ДЖИГСО тәсілі бойынша бір - біріне түсіндіреді.
3. Әр топ мәтін мазмұнына 3 сұрақ дайындайды.
4. Мәтіннен сөз таптарының түрленуіне 2 мысал келтіреді.

Жетістік критерийі бойынша бағаланады.
1. Мәтіндегі ақпаратты түсінеді.
2. Мәтіннің мазмұнына сұрақ қоя алады.
Қарақат попурри ( жетіген аспабымен)
Кері байланыс. Мен үшін болған жаңалық...
3 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Қазақтың көне ұлттық аспабы – шаңқобыз
Қазақтың көне ұлттық аспабы – шаңқобыз
№21 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарбаева Қарлығаш Еренгайповна
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×