Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтай. Иса Байзақов

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы, №10 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна

Сабақтың тақырыбы: Алтай
Авторы: Иса Байзақов

Жалпы мақсаты
Өлеңнің мазмұнын ашу, оқушыларды өлеңді талдай білуге, түсініп оқуға машықтандыру, шығармашылық ойлау мен әрекет
ету арқылы шығармашылық пен танымдық қабілеттерін дамыта отырып, әсемдікті сезінуге, табиғатты аялауға, қорғауды үйренеді
Оқу нәтижесі:
Алтай тауының мекендеген жан - жануарлар туралы біледі. Алтай тауының табиғи ерекшеліктерін үйренеді.
Түйінді идеялар

Топтасып жұмыс жасайды, өзара пікірлеседі, бағалай алады
Топпен бағалайды. Бірін – бірі оқыта отырып, тақырыпты толық меңгеруі

Мұғалім немен айналысады.

Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық сәт.
1. Үй жұмысын тексеру
(7 мин)
1. Сыни ойлау. Зерттеушілік әңгіме(бастама – жауап - кейінгі әрекет БЖӘ)
2 - 3 оқушыдан үй жұмысының мазмұнын сұрау. Сұрақ қою арқылы қорытындылау.
1. Өлеңде ақын не жайлы жырлаған?
2. Ақын туралы қандай мағлұматтар білеміз?
3. Өлеңде адам мен табиғатты қалай салыстырған?
Жаңа сабақ:

2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(білім міндеті қоятын талаптарды түсіндіру) (5мин)
- Біз өткен сабақта Қазақ даласы туралы айтқан едік, енді біздің оқып отырған тарауымыз «Туған елім - туған жерім» деп аталса, бүгінгі сабағымыз алдыңғы сабағымыздың жалғасы сияқты. Бүгінгі өтетін тақырыбымызда табиғатымыздың сұлулығын айқындайды. Ендеше табиғат дегенде бірден көз алдымызға не елестейді
(Оқушылар жауабынан флипчартқа сызба құрайды, қорғайды)

3. АҚТ - ны пайдалану

Ендеше, балалар, Иса Байзақов ақынымыздың «Алтай» өлеңін диктафоннан мұқият тыңдап алайық.
- Балалар, бұл өлеңді кім жазды деді?
Ендеше осы ақын жайлы бірер сөз.
Иса Байзақов(1900 - 1946) Павлодар обылысы, Ертіс ауданында туған. 1921 жылы Орынборда жұмысшылар факультетін бітірген. Қазақ ағарту институтында оқыған. Қазақ драма театрының алғашқы артистерінің бірі. 1926 жылы Ташкентте «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі» поэмалары басылады. «Алтайдың аясында», «Кавказ», «Ақбөпе» «Он бір күн, он бір түн» атты поэмалары бар.

(интерактивті тақтадан Алтай тауының слайдын көреді, )

4. Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау. Бағалау парақтарын үлестіріп түсіндіріп айта кету
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту( 5 минут)
Олай болса, балалар, қазір «Алтай» тақырыбына жазған өлең жолдарын топтан 1 оқушыдан мәнерлеп оқиық.
Өлеңді мәнерлеп кітаптан екі шумақтан үш балаға оқытамын.

Сөздікпен жұмыс жүргізу:
қиясында – биігінде
өршіл – тәкаппар, биікке құмар
күйік – мұң, қайғы
сайын – кең дала
орғып – секіріп
жентектеліп – кесектеліп
(8 минут)

5. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу(сыныпта тиімді оқыту және оқу әдісі бойынша) (7 минут)

Бақылаудағы оқушыларыма тапсырма:

Қорытынды:
6. Оқытуды басқару және көшбасшылық. (7 минут)

Мәтінмен жұмыс:
1. Ақын таудың биік төбесін неге теңейді?
(ақ бас атанға)
2. Ақша қарды неге теңейді? ( ақ күміске)
3. Таудың сұлулығы жөнінде өлеңде не айтылады? (сұлу қыздай таранған)
4. Таудың биіктігі туралы қалай суреттеледі? (бойына бұлттан басқа жете алмаған)
5. Қандай аңдар мекендейді?(аю, қабылан, бұғы, марал, елік, құлан т. б.)

Топтық жұмыс:
1 - топ: Алтайдың орманының суретін салу
2 - топ: Өзен суретін салу
3 - топ: Тау суретін салу

Толық нұсқасын жүктеу
2 094
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көкшенің кедусінде
Көкшенің кедусінде
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
Дала
Дала
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Алтай аясында
Алтай аясында
Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныта отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру және мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Алтай
Алтай
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Иса Байзақов «Алтай»
Иса Байзақов «Алтай»
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×