Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Стандартты функциялар

12 мам 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы.
Өрнектер және олардың жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің стандартты функцияларға, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық ,тест.
Сабақтың типі:Дамытушылық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру: Сынып оқушыларымен амандасу
2.Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Алгоритм дегеніміз не?
• Блок-схема дегеніміз не?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритм дегеніміз не?
• Циклдік алгоритм дегеніміз не?
• Арифметикалық цикл мен қадамдық циклдің айырмашылығы неде?
3.Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:
PROGRAM BASTAU;
СИПАТТАУ БӨЛІМІ
BEGIN
ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ
END
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.
Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын Объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
1. Арифметикалық функциялар
2. Типтерді өзгерту функциялары.
Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы Паскаль тілінде жазылуы Атқаратын қызметі Функция типі
|x|
arctg x
cos x
sin x
e x
[x]

Inx
П
х 2
х
Abs (x)
Arctan (x)
Cos (x)
Sin (x)
Exp (x)
Frac (x)
Int (x)
Ln (x)
Pi
Sqr (x)
Sqrt (x)
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
е-нің х дәрежесі
х-санының бөлшек бөлігі
х-санының бүтін бөлігі
х-санының натурал логарифмі
п-дің мәні
х-тің квадраты
х-тің квадрат түбірі
х-тің типіндей
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты (бүтін)
нақты

х-тің типіндей
нақты
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ...., атауn: тип;
мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte
Арифметикалық амалдар.
Белгілер Операциялар Операндтар типі Нәтиже типі
+ қосу Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақты
- азайту Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақт
* көбейту Екеуі бүтін немесе екеуінің
біреуі нақты Бүтін, нақты
/ бөлу Бүтін немесе нақты Нақты
Div Бүтін бөлу Бүтін Бүтін
Mod Бүтін қалдық бүтін бүтін

Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы
Sqr(x) – бүтін х cанының квадраты
Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі
Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.
Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.
Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.
Практикалық жұмыс
Төмендегі өрнектерді Паскаль тіліне аударып жаз.
1) y= (а-в)²/(а+2в);
2) y= (с+а)²/(с-4в);
3) y= (sin²x+cos²x)/x³;
4) y= (x-y)³/(sin²x-cos²x);
Жауабы:
1) y:= (sqr(a-b)/(a+2*b));
2) y:= (sqr(c+a)/(c-4*b));
3) y:= (sqr(sin(x))+sqr(cos(x)))/(sqr(x)*x);
4) y:= (sqr(x-y)*(x-y))/(sqr(sin(x))-sqr(cos(x)));

4.Сабақты бекіту сұрақтары:
1) Паскаль тілінің негізін салушы кім?
2) Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
3) Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
4) Паскаль тілінде қандай стандартты функциялар бар?
5) Паскаль тілінде қандай арифметикалық амалдар бар ?
6) Паскаль тілінде қандай стандартты типтер бар?
5.Үйге тапсырма: 2.6. Стандартты функциялар
2.7. Стандартты типтердің сипатталуы
2.8.Өрнектер және олардың жазылуы 54 – бет , тапсырма - 1
16 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру,
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, № 21 Негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі Жарылғасова М. Ж.
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Қалымбетова Айман Пән аты: Информатика Класы: 9 Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×