Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Я және Ю дыбыстары және әріптер

25 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы

Сауат ашу
МАД тобы
Сабақ тақырыбы: Я және Ю дыбыстары және әріптері
Сілтеме: Ортамерзімді, қысқамерзімді жоспар, МАД тобы, сауат ашу
Жалпы мақсаттар
Яя, Юю дыбыстары мен әріптерінің айтылуын, оқылуын, жазылуын меңгеру.
Диалогқа үйрену. Мәнермен оқуға жаттығу.
Түйінді идеялар: Ұқыптылыққа ұмтылу
Әдіс - тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: Сауат ашу кітабы, кеспе әріптер, суреттер, текшелер
Дереккөздер: Амирова А. С. «Алматыкітап» баспасы, 2014 ж.
Оқыту нәтижелері: Қосарлы дыбыс екендігі жөнінде алғашқы ұғыммен танысады. Сөздерге мысалдар келтіре алады. Жүргізіп оқиды.

Сабақтың барысы
1. Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу рәсімі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Көңіл күйлеріңіз қалай?
«Ыстық орындық» стратегиясын түсіндіремін. (Мұғалім - оқушы - оқушы - оқушы арасында диалог орнайды)

2. Мағынаны тану Жұмбақ:
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Бұл не?
(Тақтаға суреті ілінеді)
Тақтада суреттер: «Артығын тап?»
Т: Неге қияр артық?
(Аяз суретінің жанына Қияр суреті ілінеді)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндіргенде жылатады.
Бұл не?
(Пияз суреті ілінеді)
Логикалық ойын: «Артық сөзді тап»
Сиыр, ешкі, қой, жылқы, қоян. Қай сөз артық?
Балалар суреттерді атап, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Т: Қандай әріп ерекше естіледі?
Я - дыбысы.
Я - дыбысы тақтаға ілініп, сипаттау жұмысы жүргізіледі.
Қандай элементтерінен құралған?
Я - хормен, жеке - жеке айтқызамын,
Я – дыбысы дауысты дыбысы деп анықталады.
Я - дыбысының тағы бір ерекшелігін байқату:
Я айтқан кезіңде екі дыбыс естіледі, әріп - бір, ал дыбыс – екі, бұлар - Й - А (қысқа й және А дыбыстары).
Я - таңбасын жазу жұмысы жүргізіледі. ( тақтада, дәптерімен )
Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс? (ю)
Ю дыбысын хормен айтып, ауыз қуысынан шыққан дыбыс кедергіге ұшыраған жоқ ендеше дауысты дыбыс екенін ажыратқызу.
«Аю» туралы көркем әдебиет сабағында жаттаған тақпағын айтқызу.
Бұл әріптің ерекшелігі я дыбысы сияқты қосарлы дыбыс естіледі Ю=й+у. Бірақ жазғанда бір ғана әріп жазылатынын ескертіледі.

Сергіту сәті:
1. Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып секірді.

2. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Буын - ұйқас:
Ян - ян қорқақ.... - Қоян.
Яз - яз ащы....- Пияз.
Яр - яр дәмді... - Қияр.
Ю - ю - ю -
мен оямын ою
Ю - ю - ю -
қорбаңдайды аю.
Дәптермен жұмыс: Я, Ю әріптерінің жазылуын меңгеру

3. Кері байланыс
- Бүгін біз қай дыбыс және әріппен таныстық?
- Ол қандай сөздерде кездеседі?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Неліктен ол сол текшемен белгіленеді?
- Я дыбысы, Я әрпімен таныстық, ол дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
- Қандай ерекшелігін білдік?

Толық нұсқасын жүктеу
4 512
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Х, Һ дыбыстары
Х, Һ дыбыстары
Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінеді.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Сауат ашу Жіңішке айтылатын сөзді тап. а) қауын ә) айран б) сағат в) төбе
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Әріптер мен дыбыстарды ажырату талдау жасау.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×