Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі

Сабақтың мақcаты:
Кедергінің физикалық мағынасын және оның Ом өлшем бірлігін білу және түсіну; Ом заңын білу және қолдану.
Көрнекіліктер:
Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар
Құрал - жабдық: тоқ көзі, амперметр, вольметр, жалғағыш сымдар, 1, 5 в эл. лампасы, кілт.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, талдау, баяндау.

Сабақ жоспары.
1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Оқылатын материалмен жұмыс:
а) тоқ көздерінің жұмысын бақылау;
б) фронталді тәжірибе жасау.
5. Жаңа материалды тереңдету:
а) Кедергінің физикалық шамалар туралы қорытындылар жасау; Тоқ күшінің, кернеу мен кедергінің формуласын шығару барысында Ом заңына анықтама беру
б) Есептерді шығаруда формулаларды қолдануды үйрену.
6. Үйге тапсырма §38, 18 жаттығу - 1, 2 есеп.
7. Рефлексия
8. Қорытынды.
Білу: І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстыру. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жазу. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отыру.

Сергіту сәті. Жұмбақ шешу
1. Тоқ бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)

2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)

3. Пайдаланады мені жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкентай, күн көзін. (шам)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия

Білу: 1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
Жалпы сұрақтар.
2. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
3. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
4.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
5. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
6.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
7. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
8. Атомның ортасында не бар?(ядро)
9. Денелердің электрленуін анықтайтын құрал(электроскоп)
10. Тоқ жұмысы деген не?
Ток күші, кернеу туралы біледі
2. Сабақтың мақсатын қою (3 мин.)
1. Тоқ күші деп нені атайды?
2Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?

3.. Кернеу дегеніміз не?
4. Кернеудің формуласы
5. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
6. Кернеуді немен өлшейміз
7. Вольтметр, амперметр тізбекке қалай қосылады?
8. Вольтметрдің, амперметрдің сызбадағы шартты белгісі

- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі»
Ом заңы мағынасын түсінеді
Өткен параграфтарда тізбекте өтетін электр тогын сипаттайтын үш шама — І тоқ күші, U кернеу және R кедергі қарастырылды. Осы шамалардың арасында белгілі бір байланыс бар. Сол байланысты көрсететін заңдылықты 1827 ж. неміс ғалымы Г. Ом анықтаған, сондықтан Ом заңы деп аталады. Кез - келген электр тізбегінде кедергі R және кернеуі U болатын бөлікті алайық (37 - сурет). Ом заңы бойынша: Тізбек бөлігіндегі тоқ күші осы бөліктің кернеуінің кедергіге қатынасына тең. Ом заңы математикалық түрде мына формуламен жазылады:
Түсіну: Тоқ күшінің кернеуге тәуелділігін тәжірибеде қолдану
Қандай заттың көп кернеу беретінін зерттеу.
Құрылғылар: картоп түйнектері, апельсин, лимон, тұздалған қияр банкісі, мырыш және мыс пластинкалары, амперметр, вольтметр.
Қорытынды: эксперимент нәтижесінде қолданылған өнімдердің ең аз массасында, лимон 300г қиярға қарағанда көп кернеу және тоқ күші береді.
Қолдану: Ом заңын қай есепте қолдануға болатынын саралай алады.

Талдау: Тақтамен жұмыс. Мына кесте бойынша есептерді тақтаға орындаймыз.

Толық нұсқасын жүктеу
4 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ток күші. Амперметр
Ток күші. Амперметр
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, Топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісіне анықтама беру, тақырыпты түсіндіру. Оқушыларды Ом заңының тұжырымдамасымен таныстырып, формуласын есептер шығаруда қолдануға, электр кедергісіне анықтама беріп, кедергіні өлшейтін құралға, тізбекте
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі
Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болатындығын көрсету. Меншікті кедергінің формуласын қорытып шығару
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны тізбек бөлігі үшін Ом заңынан ажыра алу, қорытынды жасай алу.
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, Тереңөзек ауданы, Шаған ауылы, №37 мектеп физика пән мұғалімі Мамрайемова Лайла Ануаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×