Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңдар

26 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Алматы қаласы, №15 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Мелдебекова Г. Р.

1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңдар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Хабарлама мазмұнын түсіну.
Мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/ суретттер таңдау.
О. Сұрақтар қоя білу және жауап беру,
Мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қарапайым сұрақ (кім? не?) қоя білу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар аңдардың атын біледі
Оқушылардың көпшілігі сұрақтарға жауап береді
Кейбір оқушылар сұраққа жауап беруде, бағалауда өз пікірін білдіреді.

Жетістік критерийлері
• Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді
• Суреттерді ретімен орналастыра алады
• Сурет бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі

Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология: үй жануары, аңдар, жейді, балық, не? Саңырауқұлақ т.с.с
Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Бұл арыстан, балық жейді, орманда тұрады т.с.с.

Осыған дейін меңгерілген білім
Аңдар туралы мәлімет алды. Аңдардың қайда мекендейтінін меңгерді. Аңдардың түстерімен танысты және олардың үлкен не кіші аң екенін анықтады.

Сабақтың басы
Қызығушылығын ояту
Берілген суреттер 4 - ке бөлініп, қиылады. Оқушылар қиылған суреттерді таңдап алады және оларды біріктіреді. Құрастырылған сурет бойынша 3 топқа бөлінеді.
Топта оқушылар қандай аңның суреті екенін анықтайды және сол аң туралы білетін мәліметтерін айтады.
1 - топ. Жолбарыс
2 - топ. Қоян
3 - топ Кірпі

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану кезеңі
Әр топтағы оқушыларға үй және жабайы аңдардың суреті мен бос шеңбер суреті беріледі. Оқушылар топта ойласа отырып, шеңбердің жоғарғы жағына үй жануарларын, шеңбердің төменгі жағына жабайы аңдардың суретін қояды.

Жетістік критерийі:
• Аңдардың суретін дұрыс орналастыра алса, мақсатқа жетеді.
Бағалау.
Топаралық бағалау жүзеге асады.
Бір топ екінші топты бағалау кезінде дұрыс болса, неге дұрыс екенін айтады; Қате болса, қатесін түзейді, пікірін білдіреді.

Тапсырма2
«Аңдар не жейді?» әдісі.
Оқушылар сөздікпен танысады.
Жейді – едят
Бал - мед
Балық – рыба
Сәбіз – морковь
Ет - мясо
Саңырауқұлақ - грибы

Оқушыларға аңдар мен олардың жейтін тағамдарының суреті беріледі. Оқушылар топта аңдардың не жейтіні туралы талқылайды. Талқылап болған соң, топ ішінен бір спикер таңадалады және сұраққа жауап береді. Спикер дұрыс жауап берсе, смайликпен бағаланады. Жауабы дұрыс болмаса, басқа топтың спикері жауап береді.
Жетістік критерийі:
• 3 смайлик жинаса, топ мақсатқа жетеді.
Бағалау.
Оқушы жинаған смайлигі бойынша өзіне баға береді.

Сабақтың соңы
Рефлексия
«Қандай аң?» әдісі.
Оқушыларға орман ішінде жасырынып тұрған аңдардың суреттері таратылады. Оқушылар сол аңдарды тауып, атын атайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады
Мен шырын ішемін
Мен шырын ішемін
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
Емханаға бару
Емханаға бару
Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым(кім? не? қандай? ) сұрақтарға жауап беру Барлық оқушылар орындай алады: таныс сөздерді оқиды.
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т3. Хабарламаны тыңдау жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сəйкес иллюстрация /заттық сурет/ сызба таңдау
Жемістермен көкөністер
Жемістермен көкөністер
Жеміс - жидек және көкөніс атауын үйренеді Жемістердің тәтті, ащылылығын ажырата алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×