Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар 10 сынып

21 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар
§1. 12. Жалпылама теориясының химияда қолданылуы. Тұздар гидролизі.
Қайталау.
Есеп шығару


Тақырыбы §1. 12. Жалпылама теориясының химияда қолданылуы. Тұздар гидролизі.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау. 10 - ЕТЖ - 1
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, ерігіштік кестесі, 10 - ЕТЖ - 1.
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
1. Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
2. Темір(ІІ) хлориді, калий карбонаты, алюминий сульфиді гидролизінің теңдеуін құрастырыңдар.

1. Білімді жаңғырту:
1. Фронталды сұрақтар:
* Бренстед теориясы неге протондық теорияның мәні неде?
* Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясының мәні неде??
* Солбважүйелер теориясының мәні неде?
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Усановичтің теориясы заттың қышқылдық – негіздік қасиеттерін сандық жағынан қарастыруға болатын теория түрінде қарастыруға болады. Алайда қышқылдар мен негіздердің көбісі үшін олардың сандық мәні бірдей болмайды. Әрбір зат әрекеттесетін басқа заттардың табиғатына байланысты қышқылдық – негіздік қасиеттерді әртүрлі дәрежеде көрсетеді. Қышқыл мен негіздің күштерінің айырмашылығын басқа затпен салыстырып байқауға болады. Ол үшін аквохимияда су қолданылады. Бір элементтен тұратын қышқылдар мен негіздердің күшінанықтау оңай. Металл атомдары өздері электрондарын беретіндіктен негіз болады. Металдың - негіздік күшін иондану потенциалы арқылы анықтайды.
Зарядталған бөлшектің ядро заряд мөлшерінің(Z) шамасы оның радиусына
(r ) қатынасымен өрнектеледі.

U==Z / r

Анион - негіздердің күші олардың заряды өскенде артады. Мысалы: CI -, S2,- N3 -, күрделі аниондарда осы заңдылыққа бағынады.

Катион - қышқылдардың күші иондардың заряды өскенде артады. Мысалы: Na+, Mg2+, AI3+

Катион мен анионның зарядтары бірдей болса, иондық радиустары кемігенде күштері артады. Қышқыл K+, Na+, Li+, негіз I - Br - CI - F - күші солдан оңға қарай артады.

§1.12 жүктеу

Толық нұсқасын қарау
2 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химияның қоғамдағы рөлі. Химияның диалектикалық көзқарасты қалыптастырудағы рөлі. Химияның өндірістегі, шаруашылықтағы және күнделікті өмірдегі маңызы. Химияны дамытудағы қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Табиғатта кездесуі: мыстың жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 0, 01 % Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс кендерінің - табиғи минералдары құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Оқушыларға s - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру
Химиядан күнделікті сабақ жоспары (10 сынып)
Химиядан күнделікті сабақ жоспары (10 сынып)
Сулы және бейсулы ортада өтетін процестердің ұқсастықтарын байқаған американдық ғалым Франклин. Ол 1915 жылы аквохимия процестеріне ұқсастығына негізделген қосылыстардың сольважүйелер теориясын ұсынды.
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×