Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан сабақ жоспарлар (10 сынып)

21 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Химиядан сабақ жоспары
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§ 2. 1. Д. И. Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы.
§ 2. 2. Химиялық элементтер атомдарының құрылысы.
§ 2. 3. Атомдағы электрондардың қозғалысы
§ 2. 4. Энергетикалық деңгейлердің құрылысы
§ 2. 5. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу


Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау).
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
1. мына қосылыстарды (тақтаға жазу) ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.
2. Оқыту проблемалары:
ХЭПЖ құрылысы
3. Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
• ХЭПЖ туралы не айта аласыңдар?
• Периодтық заңның анықтамасын еске түсіріңдер.
• Реттік нөмір, топ, период нөмірінің физикалық мәні неде?
• Химиялық элементтер периодтарда қалай орналасқан?
• Қандай периодтар бар?
• Периодтар және топтарда қасиеттері қалай өзгереді?
• Қандай табиғи ұяластарды білесіңдер?
• Қандай топтар лантаноидтар және актиноидтар деп аталады?
• Қандай элементтер оттекті және сутекті қосылыстар түзеді?

Қорытынды жасау. Қорытындыны айту.

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз

Мұғалімнің ЭО пайдаланып толықтыруы: Ертеде Грецияда ғылым түрлерін бөлмеген. Ғылымның барлық түрлері біріктіріліп жалпы «философия» атауымен аталған. Ғылыми жіктеудің ерекшелігі олардың негізінде ашылған заңдар белгілі фактілерді түсіндіріп ғана қоймай, кейбір ашылмаған жайттарды да болжауға мүмкіндік береді. Табиғи жіктелу бірден ашылған жоқ, 19 ғасырдың басында көптеген жаңа химиялық элементтер белгілі болып, швед ғалымы Берцелиус бөлуді жүзеге асырды. Ол элементтерді металдар және бейметалдар деп бөлді. Неге?

§2.1, 2.2, 2,3, 2.4, 2.5 жүктеу

Толық нұсқасын қарау
3 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Оқушыларға s - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі.
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары (10 сынып)
Оқушылардың периодтық заң, периодтық жүйе, ХЭПЖ құрылысын аша білу, атом құрылысымен байланысты жаңа анықтамасын бере білу туралы алған білімдерін жетілдіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×