Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер

15 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Сілтеме: Қазақ тілі 4 сынып Алматыкітап баспасы 2011 ж.
Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова
Жалпы мақсаттар
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің жазылуы. Сөзді сөз құрамын талдау. Оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын, ой қорыту машығын арттыру. Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі Қос сөздердің жазылу ережесін білу.
Топпен бірлесіп жұмыс жасауға машықтануы.
Өз ойларын еркін айта білуі.
Тапсырмаларды жүйелі, талдай отырып орындауы.
Негізгі идеялар Күрделі сөздердің түрлері мен олардың жазылу ережесін білу
Тапсырмалар
І Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау»
1 - тапсырма: суреттермен жұмыс. Заттың сынын білдіретін сөздерді ата және қарама - қарсы сын есіммен мысал келтір
І топ: жануарлар
ІІ топ: өсімдіктер
ІІІ топ: құстар

«Қара - жап - айт - жаз - тексер»
2 - жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қос сөздердің күшейткіш буынын тап, астын сыз.

Топтық жұмыс
Жаңа тақырыпты бекіту, қайталап қорытындылау
5 - жаттығу. Сөздерді үш топқа бөліп жазу.
І топ: қосарлама сөздер
ІІ топ: қайталама сөздер
ІІІ топ: күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер

Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру.
«Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.»
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Сабақта өзін - өзі бағалау критерийлерімен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру, формативті бағалау.
І Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау»
1 - тапсырма: суреттермен жұмыс. І топ: жануарлар(піл - құмырсқа, жираф - есеп)
ІІ топ: өсімдіктер(алма - лимон, жаңғақ - банан)
ІІІ топ: құстар(түйеқұс - тауық, бірқазан - уйрек)

ІІ Мағынаны тану сатысы
«Оқулықпен жұмыс»
1 - жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазу. Қос сөздерді тауып, жасалуына көңіл бөлу. қос сөздің бірінші сыңарына назар аудару.

«Қара - жап - айт - жаз - тексер»
2 - жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қос сөздердің күшейткіш буынын тап, астын сыз.

ІІІ Ой толғаныс сатысы
«Екі жақты күнделік»

Сергіту сәті
Топтық жұмыс
Жаңа тақырыпты бекіту, қайталап қорытындылау
5 - жаттығу. Сөздерді үш топқа бөліп жазу.
І топ: қосарлама сөздер: үйрек - қаз, киім - кешек, темір - терсек, жора - жолдас
ІІ топ: қайталама сөздер: топ - топ, талай - талай, кезек - кезек, сөйлей - сөйлей
ІІІ топ: күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер: дұп - дұрыс, қып - қызыл, ап - анық, үп - үлкен

Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жармұханова Қаламқас Бекетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 652
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Оқушылар күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің анықтамасын білу керек.
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Қос сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыра алады, өз пікірін дәлелдей біледі
Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Күрделі сөз туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды пысықтау және қайталау. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа,
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы
Қысқарған сөздер
Қысқарған сөздер
Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру. Қысқарған сөздерді толық атауымен айтқызып жаттықтыру
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×