Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алматы қаласы

21 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы: Алматы
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндайды, Қазақстан Республикасының қаласы - Алматы жайында алғашқы түсінік болуы тиіс.
Оқу нәтижесі: Отанымыздың қалалары жайында білімдерін кеңейтеді, білгендерін ашық айта алады.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ - жауап, диалог бақылау, талдау(СТО), демонстрация (АКТ), рефлексивті бағалау (оқыту үшін бағалау), талантты және дарынды баламен жұмыс.
Негізгі дереккөздер: Суреттер, таныстырылым, оқулық, дәптер, кеспе қағаздар.

Сабақ желісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Балаларды топқа бөлу
Қала аттарына байланысты 4 топқа бөлу.
1топ: Алматы, 2топ: Астана, 3топ: Қарағанды, 4топ: Көкшетау.
ә) Психологиялық ахуал
Жүрек түрінде берілген стикерлерге осы сабақ бойынша тілектер жазып бір - біріне ұсыну.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
Үйге берілген тапсырманы (Астана туралы өлең, эссе) тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу: алма (суреті)+ тымақ (сөзі),,,.
Шешуі: Алматы.
Миға шабуыл жасау арқылы Алматы туралы білгендерін баяндау.

4 топқа тапсырмалар ұсыну.
1 топ - Мәтінді оқу.
Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
2 топ - Мәтінді оқу.
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп - тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
3 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 1 - ші абзацын оқу.
4 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 2 - ші абзацын оқу.
Дарынды және талантты балаларға тапсырма ұсыну (өлең шығару, эссе жазу).
Әр топта жасырын қағаз тастау, біреуінің ішінде белгі бар белгісі бар қағазды алған бала түсінгенін келесі топқа баяндап береді.

Алматы қаласы жүктеу
1 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыру.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлерімен таныстыру, адам үшін маңызын түсіндіру. Жемістер жайында жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Алматы қаласы С. Оспанов
Алматы қаласы С. Оспанов
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Балқаш қаласы, С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Тлеукулова Қымбат Абетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×