Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау

21 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 2 сынып
Тақырыбы: Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру.
2. 4. 3. 2 берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
2. 1. 2. 7 мынадай жағдайларда: 45±9, 45±19; 26+14, 40 - 14, 65+35, 100 - 35 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау.
2. 4. 3. 1 100 - ге дейінгі сандар, 1000 - ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.
Тілдік мақсаттар: 100 - ге дейінгі сандардың атауы, толық ондықтар, бірліктер, жүздіктер, санау бірліктері, артық, кем, үштаңбалы сан, үшінші разрядты бірлік.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады. Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.
Жазу:
100 - ден 1000 - ға дейінгі сандар, толық жүздіктер, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.
Алдыңғы оқу: 100 - ге дейін санау, разрядты қосылғыштар, толық ондықтар, бірліктер, екітаңбалы сан, екітаңбалы санның үлгісі.

Сабақтың басы
Сабақта оқушыларға «Өнімді жина» ойынын ойнайтынын хабарлаймын. Ол үшін оқушыларға 4 топқа бөлінуді ұсынамын. Тақтаға бос 4 себет ілінген. Әрбір оқушыда түсті қағаздан қиылған жемістер мен көгөністер бар. Оларға екі таңбалы сандарды ондықтан аттап бағанмен қосуға немесе азайтуға мысалдар жазылған. Топтағы оқушылар кезекпен өздерінің мысалдарын шығарады және өнімді өзінің себетіне салады. Қай топ өнімді тезірек жинап себетіне салса, сол топ жеңіске жетеді. Одан ары оқулықтағы екі таңбалы сандарды ондықтан аттап азайтудың ережесін қайталатыңыз.
Сандарды ата. Оқушыларды демонстрация жасайтын үстелге шақырамын және олардың барлығына 100 санының моделін құрастыруды ұсынамын. Қандай санның моделі шыққанын және оны қалай анықтауға болатынын сұраңыз. 1000 - ға дейінгі сандарды санай білетін оқушылар, бұл жағдайда жүздіктермен санаудың оңай болатыны туралы айта алады: 1 жүздік, 2 жүздік т. с. с. Бұл сандардың қалай аталатынын айтыңыз: 100, 200, 300 және т. с. с. Бұл сандардың бұрын санауға қолданып жүрген сандардан қандай айырмашылығы барын сұраймын. Оқушылар бұл сандардың жазылуында үш белгі барын, сондықтан олар үш таңбалы сандар деп аталатыны туралы қорытынды жасайды. Құрамында 10 жүздік бар сан қалай аталатынын сұраймын. Егер оқушыларға оны атау қиындық туғызса, бұл санның мың деп аталатынын айтамын. Ол 1000 бірліктен тұрады. Оқушыларға 1000 - ға дейін жүздік бойынша тура және кері санап жаттығуды ұсынамын.

Жұптық жұмыс
Оқушыларға ойын ойнауды ұсынамын. Ол үшін ойын текшесі, ламинатталған беттер және маркерлер қажет. Оқушылар кезекпен текшені лақтырады. Текшедегі әрбір нүкте 100 санын білдіреді. Оқушылар түскен ұпайға байланысты санды жазады. Мысалы, егер оқушының текшесінде 4 нүкте түссе, ол өзінің бетіне 400 деп жазады. Одан ары жүріс келесі ойыншыға ауысады. Ойынды екі - үш рет қайталауға болады. Оқушыларға кімнің саны көп екенін салыстыруды сұраймын. Қай ойыншы 1000санына жеткізсе, сол жеңімпаз болады.

Шығарып көр. Оқушыларға сандар жасырып ойнауды ұсынамын. Олардың жасырған сандары үш таңбалы болу керек. Ойынды өзіңіз бастаңыз. Мысалы: «Мен ойлаған сан 100 санынан 200 - ге артық. Бұл сан – …». Санды бәрінен бұрын тапқан оқушы, келесі жүрісті алады да, ол өзінің жұмбағын айтады.

Математикалық диктант
Сандарды оқимын, оқушылар жазады.
7онд. 4 бірл.=74; 9 онд. 0 бірл.; 8 онд. 8 бірл.; 10 онд.; 10 жүзд.; 10 бірл.; 100 бірл.; 100 онд.; 2 жүзд.; 5 жүзд.; 9 жүзд.; 1000 бірл.
Қалыптастырушы бағалау.
100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 неше жүздік бар?
Кему ретімен дәптеріңе жаз.
Қалыптастырушы бағалау.

Сабақтың соңы
Рефлексия.
Жетістіктер дәрежесіне бағалау жүргізіңіз.
Оқушылардың бұл тақырыптағы білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін, оларға келесі сұрақтар қойыңыз:
• 100 санының жазуында қанша белгі бар?
• Жүздікте қанша бірлік бар?
• 100 санында қанша ондық бар?
• 99 санынан кейін қандай сан келеді?
• 1000 - ға дейін өсу ретімен жүздікпен сана.
• 1000 - ға дейін кему ретімен жүздікпен сана.

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Мухамбетжанова С. О.

Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау. жүктеу
11 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүздіктерді қосу және азайту
Жүздіктерді қосу және азайту
Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз, Апайларды көргенде, Достарымды көргенде, Қуана қуана амандасамыз,
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Берілген заңдылық бойынша тізбекті құру
Берілген заңдылық бойынша тізбекті құру
100 - ге дейінгі сандар, 1000 - ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Сандар сыры
Сандар сыры
Ондықтар, жүздіктерді құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу
Жүздіктермен санау
Жүздіктермен санау
Тақырыбы: Жүздіктермен санау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×