Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүздіктермен санау

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жүздіктермен санау
Математика
Сабақтың тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар. Жүздіктермен санау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Мақсаты:
білімдік: Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
дамытушылық: Математикалық тілін, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: схемалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайыпстанға саяхат мультсериалымен бастау.

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
ІІ. Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып
Математика – қызықты тойматұғын – деп математикаға осылай баға берген. Олай болса бүгінгі математика сабағын бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысын бір оқушы оқиды, қалғандары дұрыстығын тексереді.
Жаңа сабақ
Математикалық диктант
1) 30 бен 40 сандарының қосындысынан 18 - ді азайт
2) 60 пен 30 сандарының айырмасына 8 - ді қос
3) 48 бен 8 - дің айырмасына 50 - ді қос
4) 6 мен 41 - дің қосындысынан 3 – ті азайт
5) 4 пен 32 - нің қосындысына 1 – ді қос
Дұрыс жауабы
1) (30+40)- 18=52
2) (60 - 30)+8=38
3) (48 - 8)+50=90
4) (6+41)- 3=44
5) (4+32)+1=37
1. Электронды оқулықтағы түсіндірмені қолдану.
2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.
Жүздіктер Ондықтар Бірліктер
5 0 6
4 1
7 2 0
9 9 9
Мың саны былай жазылады: 1000
Мынадай сандарды ата:
5 бірл. құралатын; 3 онд. құралатын; он бірл. құралатын; 100 бірл. құралатын; он онд. құралатын; он жүзд. құралатын; жүз онд. құралатын; мың бірл. құралатын; екі жүзд. құралатын; бес жүзд. құралатын; тоғыз жүзд. құралатын.
Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.
10 бірлік = 1 ондық 10 бірлік мың = 1 ондық мың = 10 000
10 ондық = 1 жүздік 10 ондық мың = 1 жүздік мың = 100 000
10 жүздік = 1 мыңдық 10 жүзді мың = 1 мыңдық мың = 1 миллион = 1 000 000
№2
3 - тен 9 - ға дейін біртіндеп 1 - ді қоса отырып сана;
10 - нан 5 - ке дейін біртіндеп 1 - ді азайта отыра санау
20 - дан 70 - ке дейін біртіндеп 10 - ды қоса отырып сана;
90 - нан 50 - ге дейін біртіндеп 10 - ды азайта отырып, сана;
Екі жүздіктен тоғыз жүздікке дейін біртіндеп 100 - ді қоса отырып сана;
Мұғалім: Ал оқушылар енді бойымызды сергітіп алайық шаршап қалған шығармыз.

Сергіту сәті.
Ғажайыпстанға саяхат
Мұғалім: жарайсыңдар бір сергіп алдық әрі қарай есептерді шығарайық

№3 Мына сандардың әрқайсысында неше жүздік бар.
100 200 300 400 500 600 700 800 900
Осы сандарды кему ретімен дәптеріне көшіріп жаз. Әр санның жүздігін көрсететін цифрдің астың сыз. Сандарды салыстыр.

№4 Мына сандарды қандай топтарға бөлуге болады?
500, 9, 83, 700, 100, 45, 0, 3, 90, 200, 77, 300, 6, 22, 2?
Қай топтағы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеуге болады? Дәптеріңе жіктеп жаз.

Логикалық есептер:
1. Аулада 17 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр?
2Бірінші қосылғыш 11, екінші қосылғыш 12, үшінші қосылғыш 13. Қосындының мәнін тап.
3. Төрт қабрғасының ұзындықтары фигура қалай аталады?
4. Қарбыздың салмағы 8 кг, осындай үш қауын неше кг болады?
5. Әкесі 36 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
6. Шыршаның басында 15 алма өсіп тұр. Марат 3 алманы үзіп алды. Шырша басында неше алма қалды?

№5 Есептерді шығар.
Берілгені:
Қой - 30
Сиыр -? 20 - сы қойдан кем
Жылқы -? Сиырдан 5 - уі кем.
Шешуі: 30 - 20=10( сиыр)
10 - 5=5( жылқы)

Сиыр - 25
Жылқы -? сиырдан 15 кем
Қой -? жылқы мен сиырдың санындай
25 - 15=10 (жылқы)
25+10=35(қой)

Шығармашылық тапсырманы орындау
6+3+3+3+1+1+1=18
6+6+1+1+1+1+1+1=18
3+3+6+3+3=18
Сабақты бекіту. Электроды оқулықтағы тест тапсырмасы

Сабақты қорытындылау. Белсенді оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру. 6 - 7 мысалдар
48 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Сандар сыры
Сандар сыры
Ондықтар, жүздіктерді құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады. Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау
Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау
Мақсаты: 1. Өткен сабақтағы білімдерін жетілдіру, әрі қарай дамыту. 2. Ертегі арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, зейінін, логикалық ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×