Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.

06 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Мақсаты: көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір - бірімізге білдірейік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Көркем жазу минуты. 5 жүздік, 3 ондық, 1 бірлігі бар санды жазыңдар.
( 531, 513, 351, 315, 153, 135). Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(531, 135).
2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.
1. Математикалық диктант. Мына сандарды жазыңдар.
- 2 жүздік
- 4 жүздік, 2 бірлік
- 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік. (200, 402, 756, 900, )
- Алдыңғы сан 897; (896)
- Келесі сан 389; (390)
- 5 ондық, 7 бірлік; (57)
2. № 2. Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.

Заттардың саны көп болған кезде, оларды мыңдықтармен санайды. Мыңдық – жаңа санау бірлігі. Мыңдармен санауды да бірліктермен санағандай орындайды.

10 бірлік = 1 ондық
10 ондық = 1 жүздік
10 жүздік = 1 мыңдық

Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты немесе бірліктер класын құрайды. Бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар екінші класты немесе мыңдар класын құрайды.

Көп таңбалы сандарды кластарын атап, солдан оңға қарай оқиды. Барлық цифрлары нөл болатын сандардың класс бірліктерін және кластарын атамайды. (Мысалы: 4321 – төрт мың үш жүз жиырма бір, 25 000 – жиырма бес мың.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Амангелді жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Каирбаева Заира Тулумтаевна
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар. жүктеу
13 418
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың нумерациясы
Сандардың нумерациясы
Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады. Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Жүздіктермен санау
Жүздіктермен санау
Тақырыбы: Жүздіктермен санау
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×