Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар әлеміне саяхат

25 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
2. 1, 5. 1. Аудиовизуалды материалдағы оқиғалардың мәнін түсіну және мазмұны бойынша сұрақтар қою, сипаттама беру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: «Жануарлар әлеміне саяхат» тақырыбына берілген аудиовизуалды материалдарды тыңдайды, сөздердің мәнін түсінеді, түсінген сөздерін жаза алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: берілген аудиовизуалды материал бойынша түсінген сөздерінен сөз тіркестерін құрап жаза алады, мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар орындай алады: берілген аудиовизуалды материал мазмұны бойынша сұрақтар қояды, мазмұнын айтады, сипаттама береді, өз ойын айта алады.

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: берілген аудиовизуалды материалды тыңдай отырып, «Хайуанаттар әлеміне саяхат» тақырыбына қатысты сөздерді тауып, сөз тіркестерін құрай алады, материал мазмұны бойынша сұрақтар қояды, сипаттама береді
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: жануарлар, жеді, ішеді, жүреді, шөп, баласы, аңдар, мыршай, абдан, шөнжік
Диалог құруға арналған тіркестер:
Үй жануарларын білесің бе?
Олар қайда өмір сүреді?
Жануарлар адаммен дос па?
Талқылауға арналған сұрақтар: Кім? Қашан? Қайда? Нелерді? Не істейді? Қандай жануарларды білесің?
Жыртқыш аңдарды білесің бе?
Хайуанаттар бағында болдың ба?
Жазбаша ой салулар
Сен қайда тұрасың?
Сен қандай қалаларда болдың?
Семей қаласындағы зоологиялық орталықта болдың ба?

Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, музыка
Алдыңғы оқу 2 мин
Таныстырылым Бұл суреттерде не бейнеленген?
Топты «Мозайка» әдісімен бөлу
Мозайкаға қажетті суреттер:

Топ жетекшісін сайлау.
«Сәлемдеме жібер» ойыны
«Сәлемдеме жібер» ойынында оқушыларға әкелінген сәлемдемені береміз де, музыканы қосып, қолдан - қолға өткіземіз. Ал музыка өшкен кезде сәлемдеме кімнің қолында қалса, сол оқушы ораманы ашады да, ішіндегі сөзді оқиды.
Осылай «сәлемдеме» біткенше оқушылар біртіндеп аша береді де, ішіндегі сөздерді оқып, айтып береді.
Бейнежазбаны көру. «Балапан және оның достары»
1. Үй жануарлары көрсетіледі
2. Жабайы аңдар көрсетіледі
Бейнежазбада не бейнеленген?
«Жануарлар әлемі» деген ән қосылады.
Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбы анықталады
Мақсаты хабарланады
Бағалау дискрипторлары ұсынылады (тақтада көрсетіледі)
• берілген аудиовизуалды материалдарды тыңдайды, сөздердің мәнін түсінеді, түсінген сөздерін жазады.

• берілген аудиовизуалды материал бойынша түсінген сөздерінен сөз тіркестерін құрап, жаза алады, топпен, мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақ қояды.

• берілген аудиовизуалды материал мазмұны бойынша сұрақтар қояды, мазмұнын айтады, сипаттап береді.
Ынтымақтастық оқу ортасын құру
Тілдік ортасын құру
Аудиожазбадан мәтінді тыңдайды.
Жануарлар - үй жануарлары және жабайы аңдар деп екіге бөлінеді
Үй жануарлары: сиыр, қой, жылқы, ешкі, түйе. Оларды адамдар қолға үйреткен. Ал жабайы аңдар орманда, далада, тауда және хайуанаттар бағында өмір сүреді. Олар: арыстан, қасқыр, аю, қоян, елік және т. б.

(ТКО әдісі)
Өткен сабақтағы білімдерін естеріне түсіре отырып, жаңа сөздермен таныстыру.
Берілген сөйлемдер мен суреттерді тауып, тақтада көрсетеді:
Сиырдың баласы - бұзау
Аюдың баласы - қонжық
Ешкінің баласы - лақ
Түлкінің баласы - мыршай
Түйенін баласы – бота
Қойдың баласы - қозы
Жолбарыстың баласы - шөнжік
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Арыстанның баласы - абдан
Жаңа сөздерді табады.
Сол сөздермен «Қар кесегі» ойынын ойнайды, сөз тіркесін немесе сөйлем құрайды.

Мұғалімнің аты-жөні: Базарова Газиза Советовна

Жануарлар әлеміне саяхат. жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу
Баяндамашының кері байланысы. жүктеу
3 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Мәнмәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×