Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (қысқа мерзімді жоспарлар)

28 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Мұғалімнің аты - жөні:
5 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5 Т/Ж2)
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады». Кәсібінен нәсіп тапқан

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

Ортасы 10 минут
Қолдану
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Сергіту сәті 2 минут
«Қыдырып қайтайық!» би билеу

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Синтез

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. жүктеу
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы. жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу жүктеу
4 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×