Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі

08 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі. (77 - сабақ)
4 - бөлім: Бізді қоршаған әлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық
Болып кетер сонда менің жан – жағым.
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы 8 минут
Қызығушылықты ояту. Ее әрпі. Елік сөзіне дыбыстық талдау.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. «Ата мен әже ақылы»
Балалар, емен ағашына үш - төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті де бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал, енді балалар, осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.
Ойын: « Жаңғақ жинау» Әр жаңғақтың астында сұрақ бар
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Әріп дегеніміз не?
4. Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?
5. Дауыссыз дыбыстарға не кедергі келтіреді?
6. емен, сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?.
Міне, біз еменге көмектестік. Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!
Білімімізді әрі қарай жалғастырайық.
Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыс пен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық!
№1 Тыңдалым.
- Мен атам мен әжеме кім боламын?
- Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.
2 2 2
Немере
№2 Оқылым.
ар ал да та са ла ма
ер ел де те се ле ме

мен сен не ер Есен
емен сенім немере ерте Ерлан

Сергіту сәті 1 минут
Жоғары қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға қарап
Егеменді ел көрдім

Мектеп: Л. Қылышев атындағы Шилі ЖОББ мектебі
Мұғалім: А. К. Бахтыгереева

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі. жүктеу
1 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×