Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұзын – қысқа ұғымдары

17 қыркүйек 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: Ұзын – қысқа ұғымдары
Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету, қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: Дымбілмес қуыршақ, ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – көк және қысқасы – қызыл, түзды машырдан жасалынған моншақтар, дау, құрғақ бассейін, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа.

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Үш ай болады.
- Қане, қыс айларын атап айтайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Іздену ұйымдастырушылық:
Тосын сәт: Есік қағылып, Дымбілмес қуыршақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Дымбілмес балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Дымбілмес: - Балалар менің атым - Дымбілмес. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: - Қане, балалар Дымбілмес бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.
- Ал, балалар Дымбілместің алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?
- Көк, қызыл.
Дымбілместің тапсырмаларын орындауға кіріседі.

I тапсырма: Теледидар арқылы суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы? Мынау кімдердің суреті?
- Балалардың суреті.
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
- Ұзын бала.
Ал мына баланың бойы ше?
- Қысқа.
Ал балалар білейік, кімнің бойы ұзын екен, Диастікі ме, Ұлжандікі ме?
Балалардың жауаптары.
Мынау нелер?
- Жолдар.
Мынау қандай жол?
- Ұзын жол. Ия, ұзын жол.
Ал, мына жол қандай?
- Қысқа жол.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындайық.

II тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?
- Көк жолақша ұзын.
- Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?
- Көк жолақша.
- Дұрыс айтасыңдар балалар!

III тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, Дымбілмес бізге бір ойын алып келген екен, балалар.
Дидактикалық ойын: «Байқағыш».
Мақсаты: Заттың түрін, көлемін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
1 слайд.- Балалар мынау нелер?
- Жылан және жұлдызқұрт
- Қане қарайықшы қайсысы ұзын?
- Жылан ұзын.
2 слайд. - Ал мынау нелер?
- Қарандаштар
- Қай қарындаш қысқа?
- Жай қарындаш, қызыл қарындаштан қысқа.
3 слайд. - Балалар мына суретке назар аударайықшы, мынау нелер?
- Қоян мен кірпі.
- Қоянның неше құлағы бар?
- Қоянның екі құлағы бар.
- Ал кірпіде неше құлақ бар?
- Кірпіде екі құлақ бар.
- Кірпінің құлағы ұзын ба, әлде қоянның құлағы ұзын ба?
- қоянның құлағы ұзын.
- Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
- Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Дымбілмеспен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
- Енді балалар екі топқа бөлінейік. 1 топ жіпке ұзын моншақ тізеді. 2 топ қысқа моншақ тізеді.
Келесі тапсырма, құрғақ бассейн ішінде ойыншық бар, соны тауып алайықшы. Қандай ойыншықтар тауып алдыңдар? (Балалардың жауаптары)
Ойыншықтарды салыстырайық. (керік ұзын, ал аю қысқа)

Рефлексиялық - түзетушілік:
- Балалар сендерге бүгінгі оқу іс - әрекет ұнады ма?
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- қандай тапсырмалар ұнады?
Дымбілмес өз сыйлықтарын балаларға таратып, қоштасады.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: заттарды салыстыра білу.
Меңгеру: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын және ұжымдық жұмыс жасауды меңгеру.
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы
«Гаухар» бөбекжайы
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Берикбаева Алмагуль Сиркбаевна
1 790
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Қысқа мерзімді жоспар: Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Ұзын - қысқа ұғымдары
Ұзын - қысқа ұғымдары
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Ж. Оразова
Есеп. (Қанша ұзын?)
Есеп. (Қанша ұзын?)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 7 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×