Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілікке үйренейік. Сөз.

23 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікке үйренейік. Сөз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
3. 8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Әдепті - этики - ethics

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы
№1 Өлеңді мұқият тыңда.
Бөбектерім, оқы, ойна
Оқу, білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртпа
Сиямен бояп қойма
Қолыңды жу, тырнағыңды ал
Мұрыныңды сүрт орамалмен
Кешігіп қалмай мектепке бар
Алысып жүрмей балалармен
Ата - ана, мұғалімге
Қарсы келмей әдепті бол
Өтірік айтпа, үйрен шынға,
Тілейтін сеннен сол
Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп айтып көр.
Сен осы ережелерді орындап жүрсің ба?
Оқушылармен талқылауға мынадай сұрақтар ұсынылады:
Берілген өлең не туралы?
Сендерге өлең ұнады ма? Неліктен ұнады?
Бұл өлең нені еске түсірді?
Мәтіннің қай бөлігінде сенің күлкің келді?
Қай сөздер ұқсас болып естіледі?
Аппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ - топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Пән мұғалімі: Салманова Тұмар Рахымбайқызы
Әдептілікке үйренейік, Сөз. жүктеу
1 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×