Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?

16 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?
Сабақтың мақсаты: Алғашқы қауымдық кәсіп пен шаруашылық түрлерін сипаттайды;
Иемденуші мен өндіруші шаруашылықтың арасындағы айырмашылықты салыстырады;
Неолиттік төңкерістің ежелгі адамдардың өміріне әкелген өзгерісін саралайды
Пәнаралық байланыс: Дүние тану, Қазақстан тарихы
Алдыңғы білімдер: Алғашқы қауымдық құрылыс, адамдардың пайда болуы туралы
Тарихи концепт: Өзгерістер мен сабақтастық

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
Жағымды психологиялық ахуал тудыру: «Алдар Көсенің тілегі».
Мозайка (терімшілер, аңшылар, егіншілер, малшылар) құрастыру арқылы топқа бөлу;
Оқушылар бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыларын құрастыру арқылы төрт топ құрады.
Мотивация: «Жиналды ме? Өндіріліді ме?»
Жеке жұмыс:
Қазақстан тұрғындары үшін үйреншікті тағам түрлерін (құрт, сүт, күріш, алма) көрсету. Өнімнің қалай жиналғаны немесе өндірілгені туралы жеке болжамдарын тыңдау.
Осы суреттер және қызығушылықты оятатын сұрақтар арқылы оқу мақсаттын айқындайды.
Дескриптор
1. Түйінді сөздер арқылы тақырыпқа шығады
2. Топтың барлық мүшелері қатысады

Сабақтың ортасы:
Топтық жұмыс: «Бірге ойлаймыз» әдісі.
Әр топ атауы бойынша берілген етістіктерді мағынасы бойынша ораналастырады
Дескриптор: Таңдап алынған етістіктер негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылықты тұжырымдауды ұсына алады.
Топтар бірін бірі ауызша бағалайды
Жұптық жұмыс: « Зерттеу алаңы» әдісі, визуалды айғақ
1) Әр топ 16 беттегі суретті зерттей отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ортақ шешім шығарады.
Әр топ толық, дәлелдемесі бар жауапқа дауыс береді (жасыл стикер).
2)
Уақыт сызығы: 1, 2 топ қолға үйретілген жануарларды, ежелгі адам мәденилендірген өсімдіктерді уақыт сызығында белгіленген екі мерзім аралығын қамтитын тарихи кезең бойынша орналастыру.
Кескін карта: 3, 4 топ кескін картадағы берілген аймақтарға өсімдіктер мен жануарларды орналастыру.
Дескриптор: Иемденуші және өндіруші шаруашылықтың ерекшеліктерін атай алады.
Шаруашылық қызметтегі қарқынды өзгерістерді салыстыра алады.
Уақыт сызығы, кескін картамен жұмыс жасай алады.
«Миға шабуыл» стратегиясы. Жеке жұмыс
1. «Білімленд» платформасындағы ағылшын тілінде берілген ссылка бойынша 27 сек видеоны көріп, «Неолиттік төңкерістің» ежелгі адамдардың өміріне әкелген өзгерісін сараптау, дәптерге жазу.
2. Ағылшын тіліндегі терминдерді қазақ, орыс тілінде қайталау, жазып алу.

Павлодар қаласы,
№21 ЖОМ тарих және география пәндерінің мұғалімі
Есмакаева Гульмира Болатовна
Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады? жүктеу
2 373
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?
Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?
Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады? Алғашқы қауымдық кәсіп пен шаруашылық түрлерін сипаттайды;
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен.
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық - түлікті өздері өндірді.
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды. Жыл мезгілдерін, жайылым түрлерін айта алады. Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді атайды.
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптары. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×