Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азға қанағат ет

23 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Түйіндеме: Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ барысында оқушылар мұғалімнің бағыты арқылы жұмыс жасай отырып, өз беттерінше жаңа тақырыпты меңгере алады

Қазақ тілі 3 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: Азға қанағат ет
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3. 1. 3. 1 - тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру, кесте толтыру;
3. 2. 1. 1. сөйлеу барысында мәтін тақырыбына қатысты сөздерді қолдану
Бағалау критерийлері Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып жайлы өз ойын айтады.
Лексикалық минимум: Таға, ұста, апар, ереже
Грамматикалық минимум: жіктік жалғауы
Тілдік мақсаттар: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Ол демалыста қайда барады? Кімге көмектеседі?
Бастапқы білім: Жаман қылық туралы өз ойларын айтады. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мен досымды сүйемін,
Мен әлемді сүйемін.
Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Қазақ тілін үйреніп,
Еркін сөйлер болармын!

Өткен сабақты тексеру
І Серпілген сұрақтар әдісі.
1. Балалар, біз қазір өтіп жатқан модульіміз қалай аталады?
2. Қандай жақсы сөздерді біз білеміз?
3. Ал қандай жаман қасиеттерді білеміз?
4. Сендер қандайсыңдар?
5. Өткен сабақта біз қандай сөздермен таныстық?
6. Өткен сабақта оқыған мәтініміз қалай аталды?
7. Мәтін кімдер туралы?
8. Кадиша қандай? Неге?
9. Сендер аналарыңызға көмектесесіңдер ме?
10. Жарайсыңдар! Кім маған осы мәтіннің мазмұнын айтып береді?
Дұрыс жауап беріп отырған оқушыларды «смайлик» арқылы бағалау.

Ақсай қаласы, №4ЖОББМ
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Б. К. Кусаева
Азға қанағат ет жүктеу
2 104
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны. - Компьютермен дұрыс жұмыс жасай білу қаншалықты маңызды? - Компьютер мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×