Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарда Кембридж тәсілімен оқытудың тиімділігі

27 шілде 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Елімізде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс - әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Ұлы қазақ педагогы Ы. Алтынсариннің айтқанындай мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т. б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты.
Біз Кеңес Үкіметі кезінен бастау алған оқытудың дәстүрлі түрін осы күнге дейін басшылыққа алып келдік. Ол өз кезегінде жұмыс нәтижесін де берген. Елімізде қаншама зиялы қауым, білікті мамандар мен басшылар, қызметкерлер, инженер мен экономист, дәрігер мен педагогтар және т. б. тұлғаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен дайындаған болатын. Енді еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан - жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс - тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мұғалімдер осы күнге дейін қолданып келген оқытудың әдіс - тәсілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі атқарып келген іс - әрекеттері бір сыдырғы. Үйреніп алған бір әдістерін зейнеткерлікке шыққанша қолдана береді. Бірі - бірінен естіген оқушыларда да сабақ барысында ешқандай қызуғышылық болмайды, ілгерушілік байқалмайды.

Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін - бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс - әрекетін, сыныптастарының, құрбы - құрдастарының іс - әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс - әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін - өзі бағалау, бірін - бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс - әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1 - ден 5 - ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай - ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).
1960 - жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс - тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз - өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс - әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін - өздері, кері байланыс, т. б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір - бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс - әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс - тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс - әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс - тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе - бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз.
 Біз, тренерлер корпусы, осындай қиындықтарды шешуге жол сілтей отырып, бағыт - бағдар беріп мұғалімдердің кәсіби жұмыстарында оқушыларды нақты, әділ баға беруіне үйретеміз, дағдыландырамыз. Сондай мұғалімдерден білім алған әр - бір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.
1 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе? Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінде физика пәні мұғалімі Науканбаева Алия
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Ақтөбе қаласы, №32 орта мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Мукажанова Камила Шакеновна «Георгиевка орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×