Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері

25 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері (слайдымен)

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды функцияның шығу тарихымен, практикада пайдалануымен таныстыру;
ә) Дамытушылық: Ойлау, есептеу ережені есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқулықтан тыс ақпаратты пайдалану;
б) Тәрбиелік: Оқушылардың шығарған есептерін сызу жұмыстары арқылы бағалауға, ұйымшылдық қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеулік жұмыстар, практикум сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың көрнекілігі: сызба плакаттар, слайд, математиктердің суреттері, интерак тақта.
Технология түрі: зерттеулік жұмыс, саралап деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері.
Пәнаралық байланыс: қоғамтану, геометрия, физика, тарих.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тарихи мәліметтер.
1. Функцияның алғашқы анықтамасын Декарт «Геометрия» атты еңбегінде ұсынды.
2. «х - тен функция» терминін алғаш Г. В. Лейбниц пен шәкірті И. Бернулли қолданды.
3. 1698 жылдан бастап Лейбниц айнымалы және «константа» ( тұрақты ) терминдерін енгізді.
4. 1718 жылы швейцариялық матеметик И. Бернулли функцияға дәлірек анықтама берді:
«Айнымалы шаманың функциясы деп осы айнымалы мен тұрақтыдан қандай да бір тәсілмен құрылған шаманы айтады».
5. Қазіргі кезде қабылданған функцияның белгіленуін Л. Эйлер енгізген.

Есеп. Квадраттың қабырғасы а см. Оның периметрін (Р) табу. Мұндағы, а=2; 5; 7
Шешуі: Егер а=2 болса, Р=4▪2=8 см
а=5 болса, Р=4▪5=20 см
а=8 болса, Р=4▪7=28 см
Р=4▪а (а - тәуелсіз айнымалы)
(Р – тәуелді айнымалы немесе функция)

Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы осы аргументтің функциясы немесе функция.
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді анымалының бір ағна мәні сәйкес келетін тәуелділікті функионалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

Алдымен функция ұғымына қатысты шамаларға тоқталамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 892
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функционалдық тәуелділік туралы ұғымды, функционалдық тәуелділікте тәуелсіз айнымалының бір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес болатындығын үйрету, өткен тақырып бойынша 63% - ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы
Функцияның қасиеттері
Функцияның қасиеттері
Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру.
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдерін (кестелік, графиктік және аналитикалық) мультимедиялық көрнекілік сабақ бойынша үйрету, түсіндіру.
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы 10 сынып. Функция ұғымы, оның анықталу облысы, мәндерінің жиыны, графигі, берілу тәсілдері бойынша білім, білік, дағдыларды дамыту.
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Оқушыларда функция туралы ұғымды қалыптастыра отырып, алғырлыққа, алған білімдерін қорытып, тәжірибеде пайдалана білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Функцияның берілу тәсілдері, графиктерін түрлендіру және қасиеттері бойынша оқушылардың білімін бекіту; Өтілген материалдарды практикалық сабақта тиімді қолдану арқылы оқушыларға функцияны зерттеу және оның графигін салу біліктері мен дағдыларын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×