Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі

12 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі (6 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда функция туралы ұғымды қалыптастыра отырып, алғырлыққа, алған білімдерін қорытып, тәжірибеде пайдалана білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі - жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Блум - таксономиясы.
Көрнекі құралдар: парақшалар, тапсырмалар.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты бекіту. Талдау
5. Қолдану. Жұптық есептер шығару
6. Үй тапсырмасы
7. Қорытындылау
8. Бағалау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме оқушылар?
- Бүгін бізде кім кезекші? Орныңнан тұра қой.
Сыныпта кім жоқ?
- Сабаққа дайындаламыз.
- Сабақты бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ:
Бірінші жиынның әрбір элементіне, екінші жиынның бір ғана элементі сәйкес келетін екі жиын арасындағы сәйкестік функция деп аталады.
Есеп. Квадраттың қабырғасы а см болса. Оның периметрін табыңдар. Мұндағы а=2.
Шешуі: Егер а=2 болса, P=4*2=8см болады.
Берілген есепте бірінші жиын мен екінші жиын арасындағы сәйкестік
Р=4а, а>0
формуласымен беріледі.
Мұндағы а - тәуелсіз айнымалы немесе аргумент, ал Р - тәуелді айнымалы немесе функция. Сонымен тәуелсіз айнымалы аргумент деп, ал тәуелді айнымалы функция деп аталады. «Функция» сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. «Функция» терминін матиматикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.
Функционалдық тәуелділік формуламен, кестемен немесе графикпен беріледі.
Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табу.
Аргументтің қабылдайтын мінднр жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. Белгіленуі D(f) (оқылуы f - тен D) немесе D(y)(оқылуы y - тен D).
Мыс, f(x)=3/(x - 4) функциясының анықталу облысы төрт санынан басқа сандар.
D(f)=(-∞; 4)∪(4;+∞).
Функцияның мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады.

4. Жаңа сабақты бекіту:
№ 1257.(Тақтада орындалады)
Есеп шығарылып болған соң түсіндірмелі - талдау жұмысы жүргізіледі.

5. Қолдану. Жұптық есептер шығару
Оқушылар қасындағы оқушылармен жұптасып шығарады.
№ 1259, № 1261

6. Үйге тапсырма: № 1264.
7. Қорытынды:
«БҮҮ стратегиясы»
7. Оқушыларды бағалау.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Зайкенова Бекзада Жумадилкызы
10 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функционалдық тәуелділік туралы ұғымды, функционалдық тәуелділікте тәуелсіз айнымалының бір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес болатындығын үйрету, өткен тақырып бойынша 63% - ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Функцияның қасиеттері
Функцияның қасиеттері
Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру.
Дәрежелік функция
Дәрежелік функция
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген елді мекені, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әшім Гүлнұр Оразбекқызы
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Ақтөбе қаласының, №48 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
Күрделі функцияның туындысына есеп шығару
Күрделі функцияның туындысына есеп шығару
Сапарғалиева Ұлболсын Дүйсенқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×