Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикадан сабақтар топтамасы

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
Топтамадағы сабақ тізімі:
1. Ғажайып математика 6 класс
2. Төртбұрыштар (геометрия)
3. Квадрат теңсіздіктер (алгебра 8 сынып)


Ғажайып математика 6 класс
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, метематикалық ой - өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту.
Сайыстың кезеңдері:
І Таныстыру сәті
ІІ Үй тапсырмасы (қарсылас топтарға мақал - мәтелдер жасыру)
ІІІ (Білмекке құмарлық» (логикалық есептердің жауабын: қазақша, орысша, ағылшынша айтады)
IV Математика ертегілерде
V Мерген есебі
VІ Қорытынды
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, постер, маркер, смайлик, суреттер

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
2. Топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасы. Екі топ бір - біріне мақал - мәтелдер айтып, жалғасын тауып, толықтырады.
І топ: «Алғырлар»
1. Он екі айда (он үш той)
2. Алты ай баққан арықты (бір түн ұрындырған өлтіреді)
3. Жүзден жүйрік, (мыңнан тұлпар)
4. Бір күн ашыққаннан (қырық күн ақыл сұрама)
5. Жеті атасын білмеген (жеті жұрттың қамын жер)
ІІ топ: «Тапқырлар»
1. Шындық сегіз, (бақыт егіз)
2. Ер егіз, (еңбек жалғыз)
3. Екі қарға таласса, (бір қарғаға жем түсер)
4. Бір жылға (қоян терісі де шыдайды)
5. Бас екеу болмай, (мал екеу болмас)
Қосымша:
1. Елуінде – ер дана, (Елуінде – ел жаңа)
2. Мыңның жүзін білмегенше, (бірдің атын біл)
ІІІ Ұлы ақын Абай атамыздың мына жұмбағын шешсек, келесі бөлімінің атын білеміз:
Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,
Сәуле болсаң, бермек кел талапты ерің,
Жанқұмары дүниеде немен екен,
Соны білсең әрмені білгендерің.
Жауабы: «Білмекке құмарлық»
Көп тілді меңгерту заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың үш тілде қаншалықты меңгергендігін байқайық. Бұл кезеңде жасырылған есептің жауабын үш тілде – қазақша, орысша, ағылшынша айту керек.
1. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір - бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8, сегіз, восемь, eight)
2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10, он, десят, ten)
3. Түйе құс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер 2 аяғымен тұрса, қанша кг тартады? ( 12, он екі, двенадцать, twelve)
4. Бойы екі арыс, сиып жатыр 25 арыс. (сызғыш, линейка, ruler)
5. Жеті жүз тесік, жалғыз - ақ есік. (ау, трал, net)
6. Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсе - ақ өліп жатыр. (сіріңке, спичка, match)

IV Математика ертегілерде
Текті болу ұрпаққа, біздерге сын,
Құрметті ата - баба салт - дәстүрін.
Тыңдайық кезекпенен оқушыларды,
Ортамызға келген бүгін.
Ертегі әлеміне саяхат:

І. «Қожанасыр мен журналистің сұхбаты»
Журналист: Құрметті, біздің көрермендер «Ғажайып математика» атты сайысымызға Қожанасыр атамыз келіпті. Қарсы алайық.
Қожанасырдың келуі (Жолдасын есекке отырғызып, Қожанасыр атамыз келеді)
Журналист: - Сәлеметсіз бе, ата! Төрлетіңіз.
Қожанасыр:- Сәлемет пе, балам. Рахмет!
Журналист: - Ата, сіз қашан дүниеге келдіңіз?
Қожанасыр:- Аспаннан дөңгелектер жауғанда.
Журналист: - Сіз жолдасыңызбен қалай кездестіңіз?
Қожанасыр: - Ей балам несі сұрайсың. Төрт дүниенің диагоналдары қиылысқан кезде кездестік.
Журналист: - Осы күнде неше бала сүйіп отырсыз?
Қожанасыр:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар,
Біреуінің дөңгелеген биі бар - айтшы қане менің неше балам бар? (4)

ІІ Ұрылардың есебі.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ, ел жайлауға көшкенде, сүйнері жоқ кемпір көшкен жұртта жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын» деп қулыққа көшеді. Сөйтіп, жалма - жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.
Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз бекершілік екен. Бұл үйде толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сұрақ: Ұрылардың санауы бойынша үйде қанша адам болған? (6 адам, 5 ұры)

ІІІ «Алты қалпақ» стратегиясы.
Екі топ бір - біріне сұраққа - жауап арқылы, жауап беріп дәлелдейік.

V «Мерген» есебі
Аң таппаған,
Атынан көреді.
Ата алмаған,
Мылтығынан көреді.
Сұрақ:- Балалар, сендер төрт түлікті білесіңдер ме? Атап беріңдер.
Сиыр, Түйе, Қой, Ешкі, Жылқы.
- Дұрыс айтасыңдар.
Ендігі біздің «Мерген есебіміз осы төрт түлік малға байланысты. Берілген есепті постерге шығарып, шыққан мүсіннің, яғни «Қой» және «Жылқы» төрт түлік туралы айту, ассосиация құрау.
№ 1 (карточка)
№ 2 ( карточка)
№ 1
Қой (бейнесі)
Қой атаулары: қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, қошқар. Қойдың пірін Шопан ата деп атаймыз. Қойды пұшайт - пұшайт деп шақырамыз. Қойдың сүтінен ірімшік, айран, қаймақ, құрт аламыз.

№ 2
Жылқы
Жылқы атаулары: құлын, тай, жабағы, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, айғыр. Жылқының пірін Қамбар ата деп атаймыз. Жылқыны құрау - құрау деп шақырамыз. Жылқының сүті - қымыз. Қымыз шипалық қасиеті мол ұлттық сусын.

VІ Қорытынды
«Ақын жанды болмасам, математикте болмаған болар едім»-, деп С. Коволевская айтқандай біздің тарландарымыз да өздерінің шеберліктерін көрсетті. Енді жеңімпазды анықтайық.

Төрт ана. М. Шаханов
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адам да өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті 4 ана!
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр салт - санасы - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі -
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да
4 анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ - жұлдызы жанбаған
Қасиетті бұл 4 ана - тағдырыңның тынысы,
4 ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

Марапаттау
«Қара жорға» би

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы алған білімдерін тереңдету.
Математикадан сабақтар топтамасы
Математикадан сабақтар топтамасы
Алматы облысы, Жаркент қаласы, А. В. Луначарский атындағы орта мектеп - гимназия математика пәнінің мұғалімі Сарикова Гульнара Абилкасымовна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикадан сабақтар топтамасы
Математикадан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бақытжанова Гүлшара Айдарбековна
Ғажайып математика
Ғажайып математика
ОҚО, Сарыағаш ауданы, №31 Талғат Бигелдинов атындағы мектептің математика пәні мұғалімі: Жанат Шалданбаева
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
№35 мектеп-гимназиясы Математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×