Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып математика

24 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика – 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып математика.
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
а) Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешу білімдері мен біліктілігін жүйемен жалпылау
ә) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын, шығармашылық және стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын артырып өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: жалпылау сабағы.
Сабақтың құрылымы: Зияткерлік сабақ.
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру ісінің түрі: Топтық
Көрнекі – құралдар: Компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сайыс сабаққа қатысу, топтарға жанкүйер болу, ол біздің пәнді түсініп, ізденіп, білімділігімізді дәлелдеп, сыныпқа жанашыр болу. Олай болса сайыстың шартымен танысайық.
Таныстыру (ұран)
Викториналық сұрақтар сайысы
Жарнама (пән туралы) құрастыру
Тест жұмысы.
Өнер сайысы (патриоттық ән)
1 - минутта математикалық мақал - мәтелдер жазу.
Фигураларды салу.
Енді осы сайыстың қорытындысын шығаратын әділ қазыларды сайлап алайық. Математика пән мұғалімі: Шалданбаева Ж.
Информатика пән мұғалімі: Бейсенбаева Ж.
Математика пән мұғалімі: Асанов С.

II Негізгі бөлім.
бөлім. «Таныстыру»: Көрермендер танысым,
Озар, қалар, қалыс кім.
Ұлдар қыздар топтары,
Сіздерменен таныссын,- дей келе топтар өздерін таныстырсын.

Бөлім. «Ғажайып сұрақтар»
Арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не?
Қай кезде түбірдің мағынасы болмайды?
Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару?
Көбейткішті түбір таңбасының астына алу қалай орындалады?
Квадрат теңдеу дегеніміз не?
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы.
Қандай теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады?
Виет теоремасы.
Виет теоремасына кері теорема?
Квадрат үш мүшені көбейткішке қалай жіктейміз?
Биквадрат теңдеу дегеніміз не?
Бөлшек – рационал теңдеу деген не?
Бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан қалай құтылу

Пифагор теоремасы.
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деген не?
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деген не?
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі деген не?
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі деген не?
Үшбұрыштың ауырлық центрі деген не?
Трапеция деген не?
Параллелограмм деген не?
Ромб деген не?
Трапецияның орта сызығы деген не?
Трапецияның орта сызығының қасиеті?
Үшбұрыштың орта сызығы деген не?
Үшбұрыштың орта сызығының қасиеті?
Параллелограмның I белгісі?
Параллелограмның II белгісі?
Параллелограмның III белгісі?
Қандай фигура дөңес көпбұрыш деп аталады?
4 - бөлім. «Білмекке құмарлық» тест жұмысы.

1 Үшбұрыштың орта сызығы 6 см. Табаны?
А) 10 В) 12 С) 3 Д) 18
2 а=7, в=√51, с=?
А) 100 В) 14 С) 8 Д) 10
3 Sin 300 =? А) 1/2 В) 0 С) 1 Д)(√2)/2
4 √(49*81*4);
А) 63 В) 18 С) 126 Д) 120
5 X2+9X - 70 = 0
А) - 14; 5 В) 14; 5 С) 14; - 5 Д) 11; 8

1 Трапецияның табандары 7 см. Және 5 см. Орта сызығын тап.
А) 12 В) 6 С) 2 Д) 354
2 а=12, с=13, в=?
А) 25 В) 13 С) 169 Д) 5
3 cos 300 =? А) (√3)/2 В) 1 С) (√2)/2 Д) 0
4 √(64*16*9);
А) 32 В) 169 С) 96 Д) 12
5 X2 - 24X+143 = 0
А) 11; 13 В)- 11;- 13 С) - 11; 13 Д) 11;- 13

1 Үшбұрыштың ішіндегі үшбұрыштың периметрі 12 см. сыртқы үшбұрыштың периметрі А) 6 В) 24 С) 48 Д) - 24
2 с=10, в=6, а=?
А) 36 В) 64 С) 18 Д) 8
3 tg 300 =? А) (√3)/3 В)- (√3)/3 С) 1 Д) 4
4 √(25*100*0, 04);
А) 50 В) 100 С) 10 Д) 20
5 y2 - 4y + 4 = 0
А) 2; В)- 2; 2 С) 2; - 1 Д) - 2; 1

Қорытындылау:
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз
Жалындаған жастармен біз көктембіз
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз,

Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келер кемеміз,
Білімменен қаруланған жастарға
Алғыс айтып, біз сәттілік тілейміз, - дей келе бүгінгі сайыстың қорытындысын хабарлау үшін қазылар алқасына сөз береміз. Сайыс қорытынды шығару мен және мұғалімнің жеңімпаз топты құттықтау сөзімен аяқталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы. Математика пәні мұғалімі Ташенова Гульнара Узакбаевна
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Данара Балгабаевна
Математикадан сабақ жоспарлары (топтама)
Математикадан сабақ жоспарлары (топтама)
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Айжан Хисметова
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Ақтөбе қаласы, Құрашасай орта мектебі математика пәні мұғалімі: Кусниязов Тулеген Қалжанұлы
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
ОҚО, Сарыағаш ауданы, №31 Талғат Бигелдинов жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Жанат Шалданбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×