Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер

25 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты:
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер ұғымдармен таныстыру; Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазып үйрену; оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру; деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Бір - біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату - тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Міндеттер:
• Дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектердің ажырата білу;
• натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білу;
• дұрыс және бұрыс бөлшектерді 1 санымен салыстыра білу;
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: слайдтар, АКТ, деңгейлеп оқыту
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, жартылай ізденушілік
Сабақ өткізу формалары: жеке, жұптық, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Пәнаралық байланыс: физика, информатика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын бүгін қандай күн екенін білгілерің келе ма? Олай болса бүгін «20 - қараша Бүкіл дүниежүзілік балалар күні» екен. 1954 жылы БҰҰ барлық елдерге бүкіл дүниежүзілік балалар күнін бір күнге белгілейік деп ұсыныс жасаған екен. 1959 жылы 20 - қараша Бүкіл дүниежүзілік балалар күні болып белгіленеді, ал осы күні балалар құқығының декларациясы, 1989 жылы балалар құқығы жайлы конвенция қабылданады. Ал біз 1 маусым балаларды қорғау күні екенін білеміз. Сонымен қатар балалар күнінің өз туы бар екен. Оны слайдтан көріп отырмыз.
Сабақтың мақсаты айтылады.
1. Сары жұмыртқа барлық жұмыртқаның қандай бөлігін құрайды? (Үштен бір)
2. Тортты тең 8 бөлікке бөлдік. Түскі аста 3 бөлігін жедік. Торттың қандай бөлігі желінді?
Қайсысы үлкен? Бүтін торт па әлде торттың бөлігі ме? (Сегізден үш бөлігі желінді).
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Қорытынды: Кез - келген дұрыс бөлшек 1 - ден кіші болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. Ережесін жатқа білу, қолдана алу.
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өмірбекова Ақбілек Амангелдіқызы
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз орыс орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұртаза Галина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×