Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс және бұрыс бөлшектер

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бөлшек жөнінде білімдерін кеңейте отырып, оларды дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек ұғымдарымен таныстыру, осы тақырып бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білуді үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту;
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен
жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, плакат, суреттер

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қарбыз кесу» ойыны
ІІІ. Жаңа материалды игерту
ІV. Жаңа материалды бекіту (оқулықпен жұмыс)
V. Сергіту сәті «Шартақты жөндеу» ойыны
VI. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
VIII. Қорытындылау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- тренинг
- амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қарбыз кесу» ойыны
Сұрақтар:
Үлес дегеніміз не?
Жай бөлшекке мысал келтіріңдер.
Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар.
Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды?
Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді?

ІІІ. Жаңа сабақ
2/5; 5/4; 2/3; 5/9; 11/8; 13/7; 6/7; 11/2; 15/13 бөлшектерінен
алымы бөлімінен кіші бөлшектерді бір жолға;
алымы бөлімінен үлкен бөлшектерді бір жолға жазыңдар.
2/5; 2/3; 5/9; 6/7 бөлшектерінің алымдары бөлімдерінен кіші.
Мұндай бөлшектер ДҰРЫС БӨЛШЕКТЕР деп аталады.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы: 3/7; 3<7,
5/6; 5<6,
1/5; 1<5,
11/17,
11<17.
Дұрыс бөлшектер 1 – ден кіші
1/2 <1;
3/4 1

Натурал санды алымы бөліміне еселік болатын бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.
Мысалы: 4=4/1;
4=24/6;
4=32/8;
4=60/15

ІV. Есептер шығару. (Оқулықпен жұмыс)
V. Сергіту сәті «Шартақты жөндеу» ойыны
VI. Үйге тапсырма беру
VІІ. Бағалау
VIII. Қорытындылау
10 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді қайталау
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді қайталау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, І. Жансүгіров атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Жауынбаева Назира Тоқтасынқызы
Математикадан сабақтар топтамасы
Математикадан сабақтар топтамасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ермекова Гульнария Амантаевна
Аралас сандар
Аралас сандар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №15 Д, И. Менделеев атындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Нұрмырзаева Бақтыгүл Ахметқызы
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз орыс орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұртаза Галина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×