Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер сайысы

27 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Логикалық есептер сайысы
Сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: пойыз суреті, конверттер, плакат, портрет ұлы ғұламалардың

Мұғалімнің сөзі: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер» сайысын бастаймыз!

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру әр топ өздерін таныстырады. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру әр дұрыс жауапқа 1 – ұпай, тәртіп сақтау/

Мұғалімнің сөзі: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы №11 орта мектебі аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Мұғалімнің сөзі: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. 5 а – сынып, 5 ә – сынып, 5 г – сынып, 6 а – сынып, 6 ә – сынып оқушыларын.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ - қазы алқасымен таныс болайық. (Мусабекова Н. М. Байсугурова Р. Ж. Джумабаева Ж. Т. Омарова А. Е. 10 а – сынып оқушысы Ботаева Роза)
Мұғалімнің сөзі: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/

Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Мұғалімнің сөзі: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз! Ал, енді балалар сабағымыздың мақсатын анықтап аламыз.
Рефлексия. «Көңіл - күй» шкаласынан өз көңіл - күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңдар.
(тақтадағы суретті көрсету)

1 - аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы» Блиц - турнир
1 - топ:
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 - ға тең Ол қандай сан? (1, 2, 3)
5. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2 - топ:
1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

3 топ
1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды?
3. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
4. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық, 5 - тен
кем сан шығады?
5. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

4 топ
1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?
2. Кім барлық тілде сөйлейді?
3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
4. 4 ұл да неше саусақ бар?
5. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса?

5 топ
1. Алты 7 - ден 100 санын жаз.
2. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
3. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады?
4. 18 санын 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарына көбейткенде цифрлардың қосындысы өзгермейді. Осындай қасиетті тағы екі таңбалы сан бар ма?
5. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық есептер сайысы
Логикалық есептер сайысы
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жас математик сайысы
Жас математик сайысы
Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдеріңді одан әрі тереңдету. Бүгінгі сайыста сөзжұмбақтар, өлең есептер, логикалық есептерді орындайтын боласыңдар. Әрбір сұраққа дұрыс, нақты жауап берген топ оқушылары
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Математика - кең өрісті ғылым
Математика - кең өрісті ғылым
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды сайыс)
ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды сайыс)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медиева Нургул Кашагановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×