Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс және бұрыс бөлшектерді қайталау

11 тамыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Cабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бұлттар суретті, тапсырмалар жазылған кесте қағаздар
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: ойын элементтерін қолдану арқылы.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. «Күн шуағы» ойыны.( Ереже сұрау)
4. «Кім жылдам» ойыны ауызша.
5. Кітаппен жұмыс
6. Тарихи материалдарға шолу.
7. Сәйкестендіру тест (жеке жұмыс)
7. Ертегі
8. Қорытындылау.
9. Оқушылар білімін бағалау
10. Үйге тапсырма беру.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, көңіл - күйлерін анықтау. 2 - топқа бөлу (жетон арқылы)
Біз бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз,
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз,
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға берген тапсырмаларды ауызша тексеру.
№473, №475
«Күн шуағы» ойыны.( Ереже сұрау) Оқушылар тақтада ілулі тұрған бұлтардағы тапсырмаларға жауап береді. (Сұрақ барлық оқушыларға жетеді) Әрбір дұрыс жауапқа бір жетоннан беріледі.
Үлес дегеніміз не? Жай бөлшек дегеніміз не? Жай бөлшектің негізгі қасиеті... Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не? Жай бөлшектің алымы нені білдіреді? Бөлімі не білдіреді? Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма? Дұрыс бөлшек дегеніміз не? Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

«Кім жылдам» ойыны ауызша.
1 - тапсырма (интерактивті тақтада бірнеше жай бөлшектер көрсетіледі)
1 топ., … бөлшектерінің қайсысы дұрыс
2 топ.,... бөлшектердің қайсысы бұрыс
2 - тапсырма.
Бірнеше мемлекеттің тулары көрсетілген. Олар бірдей бөліктерге бөлінген. Сұрақтарға жауап бер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 390
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын білу;
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өмірбекова Ақбілек Амангелдіқызы
Математикадан сабақтар топтамасы
Математикадан сабақтар топтамасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ермекова Гульнария Амантаевна
Аралас сандар
Аралас сандар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №15 Д, И. Менделеев атындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Нұрмырзаева Бақтыгүл Ахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×