Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сфера және шар

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Сфера және шар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға сфера мен шар туралы анықтамасын таныстыра отырып, олардың элементтеріне түсінік беру.
ә ) Дамытушылық: Оқушылардың сфера және шар элементтерінің қасиеттерін қолдана отырып есептер шығарту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
б ) Тәрбиелік: Оқу үрдісінде ұйымшылдыққа, бір – бірінің ойын тыңдауға, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпты ашатын слайдтар, шар макеті, глобус.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, практикалық
Пән аралық байланыс: география, физика.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шеңбер мен дөңгелектің қандай айырмашылығы және ұқсастығы бар?
2. Радиус, диаметр, хорда, сектор дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жарты шеңбер өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.
Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды

Сфера шар
Шардың беті – сфера.
Сфераның(шардың) кез келген екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда, ал центрі арқылы өтетін хорданы диаметрі деп атайды.
Жер шар тәріздес. Жердің ең үлкен қимасының шеңбері экватор, ал қалған кіші шеңберлер параллельдер деп аталады. Жарты шеңберлер меридиандар деп аталады.
Шарды(сфераны) жазықтықпен қиғанда пайда болатын кез келген қима дөңгелек(шеңбер) болады. Бұл дөңгелектің(шеңбердің) центрі шардың(сфераның) центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

ІV. Есептер шығару
1. Шардың радиусі 8 см - ге, ал қиманың радиусі см - ге тең. Шардың центрінен қима жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
R=OB=8 см
AB= см
AO -?
Шешуі: AO2=OB2 - AB2 AO2=64 - 15=49; AO=7см
Жауабы: 7 см

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 834
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π – саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тампилова Жайнагүл
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығына, шар, дөңгелектің ауданына анықтама бере отырып білімдерін толықтыру. Нақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, теориялық білімдерін
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математика пәні мұғалімі: Мухаметгалий Амангуль
Шеңбердің ұзындығы
Шеңбердің ұзындығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шеңбердің ұзындығының, дөңгелектің ауданының формуласын қорытып шығару, формуланы есептер шығаруда пайдалануға үйрету. π - саны, шар, сфера ұғымдарына шолу жасау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×