Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шеңбердің ұзындығы

07 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Сабақтың тілі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шеңбердің ұзындығының, дөңгелектің ауданының формуласын қорытып шығару, формуланы есептер шығаруда пайдалануға үйрету. π - саны, шар, сфера ұғымдарына шолу жасау.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, сауаттылыққа және салыстыра білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, глобус, кубик, шариктер, дөңгелек формалы шаблондар, сызғыш, жіп.
Күтілетін нәтиже: Есептер шығаруда шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын ескеру.
Сабақтың мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарды дайындату.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
Өтілген тақырыпты пысықтау, оқушыларға геометриялық фигуралар
жөнінде сұрақтар қою.
1. Қатынас дегеніміз не?
2. Пропорция дегеніміз не?
3. Пропорцияның негізгі қасиеттерін айт?
4. Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атайды?
5. Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?
6. Масштаб дегеніміз не?
7. Шеңбер дегеніміз не?
8. Дөңгелек дегеніміз не?
9. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
10. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
11. Диаметр радиустан неше есе ұзын?
в) Жаңа білімді қалыптастыру
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π – саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:
Шеңбердің ұзындығын өлшеп табуға болады. Ол үшін алдарыңдағы дөңгелек шаблонның көмегімен тәжірибе жасап көз жеткізейік.

Практикалық тапсырма
1. Шаблонның жиегін жіппен айналдырып ора.
2. Жіптің ұзындығын сызғышпен өлше.
3. Шаблонның диаметрін сызғышпен өлше.
4. Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер. Оқушылардың шығарған бөліндісі бірдей болады. Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π - әрпімен белгілейміз.

π – саны шектеусіз ондық бөлшек.
Есептеулерде мәні алынады = π бұдан С = π • D
егер D = 2 R онда С = 2 π R
шебердің ұзындығы π саны мен шеңбердің диаметрінің көбейтіндісіне тең.

1 есеп: D = 10 см. С -? С = π • D
С = π • D =3, 14 •10 = 31, 4 (см) Жауабы: 31, 4 см.

2 есеп: R =15 см. С -? С = 2 π • D
С = 2 • 3, 14 • 15 = 94, 2 (м) Жауабы: 94, 2 м.
Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын анықтағанда π - саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын.
Ол шеңбер ұзындығын оның диаметрінен неше есе үлкен екенін көрсетеді.
Дөңгелектің ауданы
Көптеген зерттеулердің көмегімен дөңгелектің ауданы қабырғасы дөңгелектің радиусындай квадраттың ауданынан π - есе артық екені дәлелденген.
S = π R2 Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадраты мен π – дің көбейтіндісіне тең.

3 есеп: Берілгені: R = 5 см. Шешуі: S = π R2
Табу керек; S
S = 3, 14 • 5 2 = 3, 14 • 25 = 78, 5 м 2 Ж: 78, 5 м 2
Шар: Глобус, ойын добы, ядро т. б. шар деп аталатын фигура. Шардың беті Сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі. Қазақша «Доп» дегенді білдіреді. Шардың центрі арқылы өтіп, сфераның екі нүктесін қосатын кесінді шардың (сфераның) диаметрі деп аталады. Шардың қимасы дөңгелек болады. Сфераны жазықтықпен қиғандағы қимасы шеңбер болады. Жер шар тәріздес. Суреттерін салу с/к глобус, сфера, шар, доп.

4. Жаңа сабақты пысықтау
1. π – саны неге тең.
2. шеңбер ұзындығының формуласы.
3. Дөңгелектің ауданының формуласы.
4. Шарға мысал келтір
5. Сфераға мысал келтір.

Есептер шығару.
№ 162 1, 2 4 оқушы орындайды.
5. Дарынды оқушымен жұмыс.
№ 174 1. 13 сурет бойынша шығару.

6. Бой сергіту сәті. «Ойлан тап»
Логикалық есептер.
1) R=2 см шар, көлемі қандай кубтың ішіне сияды.
Шешуі: Д =2 • R = 2 • 2 = 4 см.
a = д = 4см.
V = а3 = 43 = 64 (см3) Ж: 64 см3

7. Көмекті қажет ететін оқушылармен жұмыс.
1) π ≈?
2) Шеңбердің ұзындығы -?
3) Шеңбердің ұзындығын қандай әріппен белгілейміз.
4) Радиус дегеніміз не?
5) Диаметр неше радиусқа тең?
6) Шар, сфераға мысал келтір.

8. Бағалау.
Үйге тапсырма: № 176. № 183.
Қосымша тест
1. 1) 4, 2: 6, 3
2) 33: 22
3) 2, 5: 5
4) 64: 96 қатынастардың қайсысы тең?
А) 2 және 4
В) 1 және 4
С) 2 және 3
Д) 1 және 3
2) Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыздар:
А) 6; В) 15; С) 7; Д) 10
3) Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыздар: 13, 5: 9 = Х: 12
А) 12. С) 18. В) 8. Д) 16
4) Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңдер
А) 7, 2
В) 1
С) 80;
Д) 39, 15
5) 16 кг қоспада 7, 2 кг темір бар. Неше кг қоспада 3, 6 кг темір бар?
А) 7, 5 кг
С) 3, 2 кг
В) 5 кг.
Д) 8 кг
6) Х - ті табыңдар: |Х – 3| = 5
А) – 5; 5;
В) – 2; 8;
С) – 4; 3;
Д) – 8; 2;
7) Есептің шартына сәйкес дұрыс пропорцияны таңдап ал. Есеп: 6 га егістікке 10 8ңдән себілді. 15 га егістікке себілу үшін қанша дән керек?
А) 15: 6 = 10, 8: Х
В) 6: 15 = Х: 10, 8
С) 6: 10, 8 = Х: 15
Д) 6: 10, 8 = 15: Х
8) Үш санның қатынасы 2: 5: 9 қатынасындай. Ең кіші сан мен, ең үлкен санның қосындысы 55 ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар.
А) 85; С) 78; В) 70; Д) 52;
9) Үш санның қатынасы 3: 4: 8 қатынасындай. Ең үлкен сан мен, ең кіші санның айырымы 30 - ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңыздар.
А) 52; В) 48; С) 90; Д) 36;
10. Есептеңдер: (2 • 45 +3 • 30 – 4 • 15)/( |- 8 | • 28 - |8| •13)
А) 1; С) 5; В) 2; Д) 7;
11) Теңдеудің түбірлерін көрсет. |Х| + 1 = 4
А) – 5; 5;
С) – 3
В) – 3; 3;
Д) 3
12) Өрнектің мәнін табыңдар. | - 27| - |15| + |0| - | - 4|
А) 8; В) – 8; В) 46; С) 38;
13) Өрнектің 30 оқушы бар оның 19 - ы математика үйірмесіне, 15 - і спорттың үйірмелерге қатысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі шет тілдер үйірмесіне де, спорттың үйірмеге де қатысады?
А) 3; Б) 4; С) 5; Д) 2
14) Картадағы 1см - ге жер бетіндегі 500см қашықтық сәйкес келеді. Картаның масштабын табыңдар.
А) 1: 500
В) 1: 50000
С) 1: 5000
Д) 1: 2500
16. Жақшаны аш: - ( - ( -( -( - 74 ))))
А) – 74. С) 0. В) 47. Д) 71
17) - 5; 0, 3; - 0, 9; 0; - 14; 27; - 7, 5 сандарының қайсысы координаталық түзуде – 8 ден солға қарай орналасқан? Санды анықта.
А) – 7. С) – 14. Д) – 5. В) 27
18) Координаталық түзуде К ( - 4, 5) және R (9, 5) нүктелерінің арасында неше бүтін сан орналасқан?
А) 9. С) 13. Д) 4. В) 14
19) Амалдарды орындаңдар. 7, 8: (- 2, 6) + ( - 5, 2) • ( - 5)
А) – 2. С) 15. В) 23. Д) 20
20) Сыныптағы барлық оқушылардың саны - 27 оның қыздар Сыныпта неше қыз бар?
А) 12 С) 15 В) 18 Д) 14
21) Тік төртбұрыштың ені 6 см. Оның ұзындығы енінен 60 % артық. Периметрін табыңдар.
А) 31, 6. С) 30. В) 32. Д) 30, 6
22) Екі санның қосындысы 350. 1 - ші санның 80 %- і екінші санның 60 % - іне тең. 1 ші санды табыңдар.
В) 170. А) 150. С) 180. Д) 200
23) Шеңбердің радиусы 25 см. доңғалақ 100 рет айналғанда неше метр қашықтыққа барады?
А) 168 м. С) 140 м. В) 157 м. Д) 126 м
24) Диаметрі 20 дм дөңгелектің ауданы неге тең?
А) 208. С) 314. В) 260. Д) 320
25) Бөлшекті қысқартыңдар. (0, 54 • (- 1, 25) •1, 6 • 0, 3 )/(- 0, 9 • 0, 48 • ( - 0, 5))
А) 2, 3. С) (- 1, 5). В) 2. Д) 2, 5

Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы
Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
122 544
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π – саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тампилова Жайнагүл
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығына, шар, дөңгелектің ауданына анықтама бере отырып білімдерін толықтыру. Нақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, теориялық білімдерін
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математика пәні мұғалімі: Мухаметгалий Амангуль
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×