Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық ралли

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сайыстың тақырыбы: "Математикалық ралли"
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша әр түрлі есептерді шығара білуге үйрету, есеп шығаруда оқушыларды шапшаңдылыққа, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, мұқияттылыққа ойын арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топшамалар, машина эскиздері, ребустар, көбелек, гүлдің суреттері.

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Топтарды орындарына орналастыру.
ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздер «Сандар әлеміне саяхат»жасаймыз. Бүгінгі сайысымыз «Математикалық ралли» ойыны желісінде өтеді. Сендер топ болып сайысқа түсесіздер. Әр топ – машина экипажы жарыс барысында көрсетілген кезеңді бірге орындайсыздар. Жарыстың әрбір кезеңі әділқазы мүшелерімен бағаланып отырады.

І кезең: «Таныстыру» әр топ - экипаж мүшелерімен таныстырады.
ІІ кезең: «Сақтықта қорлық жоқ» ереже сұрау.
ІІІ кезең: «Лото ралли» машина таңдау.
ІҮ кезең: «Апат аяқ астында»
ҮІ кезең: «Аялдау»
ҮІІ кезең: «Мәре»

І - кезең: Таныстыру. 5 кластарынан құралған топтардың таныстыруы.

ІІ – кезең: «Сақтықта қорлық жоқ» Топтарға сұрақ қою арқылы ережелер сұрау.
1. Санды өрнек дегеніміз не?
2. Теңдеу дегеніміз не?
3. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
4. Натурал санның еселігі дегеніміз не?
5. Жай сан дегеніміз не, мысал келтір.
6. құрама сан дегеніміз не, мысал келтір.
7. Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не?
8. Ең кіші ортақ еселік дегеніміз не?
9. Шеңбер дегеніміз не?
10. Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
11. Дұрыс бөлшек дегеніміз не, мысал келтір.
12. Бұрыс бөлшек дегеніміз не, мысал келтір.

ІІІ кезең: «Лото ралли» машина таңдау. Экипаждарға топшама беріледі. Әр топшамада 4 есептен, жауаптары машина суретіне жазылады. Есептерін шығарып болып жауабын тауып, сурет жағын қаратып тақтаға жабыстырады.
1 - топшама есептері:
2 - топшама есептері:
3 - топшама есептері:
Топтар есеп шығарып жатқанда кезекті «Сандар сырына саяхат» жасау үшін 5 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Оқушылар қолдарына.................... деген сөйлемді плакатқа жазып, ұстап шығады. Сосын сандар туралы мәлімет берген кезде, әрқайсысы плакатты кері айналдырып, .............. сандарды көрсетеді.
Сандар сыр шертеді
0 саны: бұл сан абсолюттік символ. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалы жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

1 саны: Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.

2 саны: Пифагорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылық, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді.

3 саны: Пифагорлықтарда 3 санының негізінде жан - жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежеогі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.

4 саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттың төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіпті, сәтсіз сан деп түсінеді.

5 саны: Пифагордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5 - жай сан, 5 - саусақ - санау жүйесінің бестігі, 5 - тармақты жұлдыз, 5 - сезім (көру, есту, тітіркену, сезіну, тепе - теңдік). Проваслав шіркеуінде 5 басты діни мереке бар. Буддизм ілімінде 5 басты өсиет, ал Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
СҚО, Петропавл қаласы. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі Байбатырова Гүлжан
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Күнтізбелік жоспар (математика 6,7,8,11 сыныптар )
Күнтізбелік жоспар (математика 6,7,8,11 сыныптар )
Күнтізбелік жоспар 6-7 сыныптар Математика пәні мұғалімі: Аққалиева Л.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×