Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ - ғасыр көшбасшысы

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
«ХХІ - ғасыр көшбасшысы» (зияткерлік ойын)

Мақсаты:
1. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
2. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Қайырлы күн қымбатты достар!
Ахмет Байтұрсынов былай деген екен:
«Ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін - ғылым»
Демек, адамның дамуы мен қалыптасуы үшін білімнің маңызы өте зор, ол сарқылмайтын қазына, сондықтан болашаққа біліммен қадам басуға тиіспіз.
Олай болса, математикалық білімдерімізді сынайтын да, толықтыратын да сәт. Сайысқа шығайық.
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар,-- дей келе ортаға
« ХХІ – ғасыр көшбасшысы» ойынына қатысушы сайыскерлерді
шақырамыз.

Сайыскерлерді таныстыру:
Бірінші ойыншымыз – Нұрсила. Ол өзі өте сабырлы, салмақты, әдепті қыз.
Екінші ойынға қатысушы – Феруза. Өте инабатты, ақылды қыз.
Үшінші ойыншымыз - Мереке. Ол өте ақкөңіл, зерек оқушы.
Төртінші ойыншымыз – Бағдат. Ақылды, әдепті, спортсмен бала.
Сүйікті пәндері әдебиет, тарих, химия, математика.
Бесінші ойыншымыз – Гүлзат. Инабатты, тәрбиелі, ақылды қыз.
Алтыншы сайыскер – Дәурен. Ол өте ақкөңіл, зерек оқушы.
Соңғы сайыскеріміз – Бақберген. Сабырлы, әдепті, ақылды бала.
Сүйікті пәндері әдебиет, география, математика.

Алдымызда өз ақылдылығымен, тәрбиелілігімен, тапқырлығымен, есепке жүйріктігімен тағы басқа жақтарымен көрініп жүрген 9 - сынып оқушылары келіп тұр. Қош келдіңіздер, сіздерге сәт - сапар тілейміз!

Сонымен сайысымызды бастайық, бірінші тур - «Бәйге»
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 - ұпай.
«Бәйге»
1 ах + ву + с =0 қандай геометриялық фигура теңдеуі.. (түзу)
2. Фигуралардың қасиетін зерттейтін ғылым? ( Геометрия)
3. Х>5 теңсіздігінің шешімдер жиыны? ( 5; +∞)
4. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
5. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (π саны)
6. «Бастамалар» кімнің еңбегі? (Евклид)
7. Сүйір бұрыштың tg – ының анықтамасын айт. (Sin α / cos α )
8. Жұп функция графигі қай оське симметриялы? (у - ордината )
9. У= а х ³ функциясының графигі қалай аталады? (куб парабола)
10. 50 - ді 1/2 - ге бөліп 3 - ті қосқанда нешеге тең? (103)
12. Екі әкесі мен екі баласы 3 - апелсинді теңдей бөліп жеді.
Бұл қалай болғаны.? (3 кісі - ата, әке, бала)
13. Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Олар қандай сандар. (5 және 3)
14. Параллелограмның бір бұрышы 50˚, қалған бұрыштары неге тең? (50˚, 40˚, 40˚)
15. Трапеция табандары 4см және 6 см. Орта сызығы нешеге тең? ( 5)
16. 63 құрама сан ба? (ия)
17. Қабырғасы 6 - см және 8 см тіктөртбұрыш ауданы неге тең? (48 см2)
18.. Диаметрі 10 см дөңгелек ауданы неге тең? (25 π см2)

Сайыскерлеріміздің жинаған ұпайлар санын анықтау үшін әділ қазылардың «Бәйге» туры бойынша қорытындысына назар аударамыз.

Сайыс шартына сәйкес ең аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.

«Дода»
Бұл бөлімде 5 тақырып беріледі. Сайыскерлер ұсынылған кестеден қалаған тақырыптары бойынша ұпай санына сәйкес ұяшық сұрақтарын таңдайды.
1. Математикалық терминдер.
20 - ұпайлық сұрақтар
Геометрия терминінің мағынасы. (жер – өлшеу, грек тілінде).
30 - ұпайлық сұрақтар
Фигура – сөзінің мағынасы. (фигура, латынша бейне кескін).
40 - ұпайлық сұрақтар
Арифметика – сөзінің мағынасы. («арифмос» сөзі негізінде алынған, грекшеде «сан» деген ұғымды білдіреді).
2. Жеті керемет
20 - ұпайлық сұрақтар:
Т - әріпінен басталатын 7 математикалық сөздерді ата.
30 - ұпайлық сұрақтар:
7 математикалық анықтама ата.
40 - ұпайлық сұрақтар
7 математикалық формула ата.
3. Графиктер
20 - ұпайлық сұрақтар
1. у=ах+в функциясының графигі. (түзу)
30 - ұпайлық сұрақтар
2. х²+у²=R² теңдеуінің графигі (ц - і коор. бас. шеңбер)
40 - ұпайлық сұрақтар

3. у =к/х функциясының графигі. (гипербола)
4. Формулалар
20 - ұпайлық сұрақтар
D = b2 – 4ac қандай формула? (Кв. теңд. дискр - ты)
30 - ұпайлық сұрақтар
a n = a1 + (n - 1) d ненің формуласы? (арифм. прог. n - мүшесі)
40 - ұпайлық сұрақтар
S = ab sinα ненің формуласы? (паралелограмм ауданы)
5. «Менің сүйікті авторларым».
20 - ұпайлық сұрақ
«Эврика» кімнің еңбегі? (Архимед).
30 - ұпайлық сұрақ
«Негіздер» кімнің еңбегі? (Евклид).
40 - ұпайлық сұрақ
«Хисаб ал – жабр уа – л – мукабаля» кітабының авторы. (Әл – Хорезми).

Ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 359
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
«Білімділер» зияткерлер сайысы
«Білімділер» зияткерлер сайысы
Математика пәні мұғалімі: Бакуашева Динара
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×