Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

29 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Математика
Білім берудің негізгі міндеттері білімді оқушыларды дайындау. Математика сабақтарында есептер шығару оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілетін, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Әрбір өткізілген сабақтарда есептер жиі шығарылса, оқушылардың білім сапасы артып, ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы арта түседі. Төменде « Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында өткізілген сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдаланып есептер шығаруда теңсіздік шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазып дағдылану.
Дамытушылық: Ой өрісін кеңейте отырып, өз беттерінше еңбектену белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тез ойлап дәл таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз;
Білімге жетелейтін үш жол бар;
Еліктеу жолы – ең жеңіл жол,
Ойлау жолы - ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы – ең қиын ащы жол. (Конфуций)
Олай болса, біз сабақ барысында әрқайсымыз өзіміз таңдаған жолмен жұмыс жүргізейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру. а) Ой қозғау. (Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру)
1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
2. Қандай сан аралығы интервал деп аталады?
3. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
4. х≤ 5 немесе х≥ 8 теңсіздіктерінің шешімдері нені білдіреді?
ә) «Көрнекілік стратегиясы» Берілген сан аралығының тиісті аттарын жазып кестені толтырыңдар.

Сан аралығының белгіленуі (- 4; 5) [2; +∞) [1; 6] (-∞;- 3)
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық сәуледегі кескіні

б) Ой толғау. Сәйкесін тап
х ≥ 3 (-∞;- 5 ]
х < 7 [ - 8; 5]
х ≤ - 5 [3; +∞ )
- 8 ≤ х ≤ 5 ( - 2; 0 ]
- 2 в, ах < в, ах ≥ в, ах ≤ в - бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
ә) Алдын ала даярлық тапсырмасын оқушылармен бірге талдау.
4х – 5 < 3х + 1
4х – 3х < 1 + 5
х 7
Сұрақ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті қалай шешеміз?
(Оқушылардың өз ойларын қорытындылату)
Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу үшін:
1) Теңсіздіктің анықталу аймағы өзгермейтіндей етіп, оның бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе - тең түрлендіріп, ықшамдау керек;
2) Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау;
3) Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;
4) Теңсіздіктің екі жағын да белгісіздің коэффициентіне (егер ол нөлге тең болмаса ) бөлу керек;
5) Теңсіздіктің шешімін тауып, қажет болса, оны сан аралығында белгілеу керек;

IY. Дамыту кезеңі
Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару
№ 1008 (ауызша орындау)
№ 1010 (деңгейлеп орындау)
Y. Сергіту сәті
YI. Есептер шығару
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 1011 (4, 5, 6)
YII. Сабақты бекіту кезеңі
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
YIII. Ой толғаныс. «Инсерт» әдісі
Бұрын білемін Жаңа білдім Білгім келеді

IX. Білімдерін бағалау
Бағалау парағы
Тегі, аты Тапсырмалар
Үй жұмысы Кестемен жұмыс Сұрақ - жауап Жаңа тақырып Есептер шығару Деңгейлік тапсырма
X. Үйге тапсырма беру. Рефлекция.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен таныстыру және есептер шығаруда қолдана отырып, сан аралығымен жаза білу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу ережелерін пайдаланып, есептер шығару дағдыларын дамыту. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және бағалау, есептеу техникаларын жетілдіру.
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерге есептер шығару
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерге есептер шығару
Оқушылардың қарапайым сызықтық теңсіздіктерді шығара білу білімдерін және айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолдары мен мәтінді есептерді теңсіздік құру арқылы шығара білу білімдерін
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбына есептер шығару
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбына есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы М - С. Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Габдуллина Гүлнар Сакенқызы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Акенева Асем Жумагалиевна
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×