Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Параллель проекциялау. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіні

15 мам 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ - сі
математика пәнінің мұғалімі Базильбекова Сымбат Фазыловна

10 - cынып
Сабақтың тақырыбы: Параллель проекциялау. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіні.
Сабақтың мақсаты:
Параллель түзулер мен жазықтықтардың қасиеттерін қайталау, параллель проекциялаудың қасиеттерімен танысу; кеңістіктік фигураларды жазықтыққа бейнелеуді үйрету.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин;
2. Бұрынғы алған білімін еске түсіру 5 мин; (дұрыс - қатені анықтау)
3. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин;
4. Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин; жасалған презентация ның көмегімен
5. Сабақты бекіту 15 мин; сұрақтар мен есептер арқылы
6. Үйге тапсырма беру 2 мин;
7. Қорытындылау. Рефлексия 3 мин

Сабақтың барысы:
2. Бұрынғы алған білімін еске түсіру (дұрыс - қатені анықтау)
3. Үй тапсырмасын тексеру
a) Жазықтықтың кез келген нүктесі арқылы берілген түзуге параллель бірнеше түзу жүргізуге болады.
b) Егер екі параллель түзудің бірі жазықтықты қиып өтсе, онда ол екінші жазықтықты да қиып өтеді.
c) Кеңістіктегі екі қиылыспайтын түзу параллель болады.
d) Егер екі түзу бір жазықтыққа параллель болса, онда олар бір біріне параллель.
e) Егер екі параллель жазықтықты екі параллель түзу қиып өтсе, және осы түзулердің бойында жазықтықтардың арасында жататын кесінділер өзара тең болса, онда жазықтықтар параллель болады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Презентацияның көмегімен центрлік проекция; параллель проекциялау; тік және көлбеу проекциялау; параллель проекциялаудың қасиеттерін түсіндіру.
Сабақты бекіту:
1. Дұрыс ABC үшбұрышының, оның BH биіктігінің және АK биссектрисының кескінің салыңдар.
2. ABCD трапециясы – теңбүірлі трапецияның кескіні. Осы трапецияның симметрия осін және биіктігін салыңдар.
3. A бұрышы 60 градус болатын АBCD ромбысының сүйір бұрышынан жүргізілген биіктігінің кескінің салыңдар.

1. Кесіндінің, үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, квадраттың, шеңбердің кескіні қандай фигура болады?
2. Қаңдай шамалар параллель проекциялауда өзгермейді? (кесіндінің ұзындығы, бұрыштың градустық өлшемі, кесінділердің ұзындықтарының қатынасы, фигуралардың аудандарының қатынасы)?
3. Параллелограмның кескіні трапеция болып, трапецияның кескіні параллелограмм болуы мүмкін бе?
Сабақты қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 186
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі
Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі
Түзулердің кеңістіктегі параллельдігі ұғымымен, олардың қасиеттерімен таныстыру.
Айқас түзулардің арақашықтығы
Айқас түзулардің арақашықтығы
Кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Логарифмдік теңсіздіктер
Логарифмдік теңсіздіктер
Шығыс Қазақстан, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылындағы «Чернова орта мектебі» КММ Математика пәнінің мұғалімі Базильбекова Сымбат Фазыловна
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Кеңістіктегі түзулердің паралллельдігі
Кеңістіктегі түзулердің паралллельдігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы Раманкулов Берик Мирамханович
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×