Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Математика
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Березняк жалпы білім беру орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Мухамет Жанаргул

Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерге амалдар қолдана білуге, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату - тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру 2 минут
Үй тапсырмасы “Қайталау – графикалық диктант” 5 минут
“Кім жылдам?” ойыны 10 минут
Мәселе есептерді шешу 10 минут
Сергіту сәті сөзжұмбақ шешу 8 минут
Сәйкестік тест 5 минут
Сабақты қорытындылау
Бағалау 3 минут
Үйге тапсырма 2 минут

Т О П Т А Р
І топ: Дұрыс бөлшек
ІІ топ: Бұрыс бөлшек
ІІІ топ: Аралас бөлшек

Қайталау – графикалық диктант
▬ иә;
... жоқ
1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
3. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады
4. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі
5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады
6. Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен
7. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін, аралас сандардың бөлшек бөлігін ең кіші ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек
8. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.
9. Аралас сандарды көбейту үшін, оларды сол қалпында көбейту керек.
10. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.

Толық нұсқасын жүктеу
8 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. Ережесін жатқа білу, қолдана алу.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Ләззат Сарманова №39 «Қызылөзек» орта мектебінің математика және информатика пәндері мұғалімі
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика пәні мұғалімі Кусниязов Т
Жай бөлшектерді көбейту
Жай бөлшектерді көбейту
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мухаева Шолпан Бекежанқызы Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×