Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сағат

20 қазан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Тараз қаласы,
№26 Абай атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сағат»
Сабақтың мақсаты:
Б. Оқушылардың өтілген тақырыптарды терең меңгеруін, білімін, іскерлігін жетілдіру.
Д. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Т. Ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакатқа жазылған сабақ тақырыбы, білім туралы нақыл сөздер, ребус, әр пәнге байланысты сұрақтар, жұлдызшалар, шарлар, кеспе қағаздар.

Сабақ жоспары:
І кезең: 1) Бәйге
2) «Қай пәнді қалайсың»
ІІ кезең: 1) «Полиглот»
2) «Сиқырлы жәшік»
3) Логикалық есептер
ІІІ кезең: 1) Кубизм тәсілі.
2) Сөз құрастыру
3) Ребус шешу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – Плакаттарды іліп тақтаны дайындау. Оқушыларды көңілін сабаққа аудару. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1 - жүргізуші:
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны.
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып
бір - бірімен жатқан тулап арбасып.
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
құштарлықтың толғағы мен көктемі»
деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Ортаға жарысушы оқушыларды шығарайық.

2 - жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз.
Кешіккендерді тоспаймыз.
Математика апталығында
Жұлдызды сағатты бастаймыз.
Құрметті қонақтар, мұны дұрыс ұғайық,
Математика пәні құрметтеуге лайық.

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін математикадан «Жұлдызды сағат» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, кластас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

1 - жүргізуші:
Ал енді жарысымызды бастайық.

І кезең.
1 бөлім «Бәйге» деп аталады, математика пәнінен сұрақтар. (дұрыс жауап берген оқушы жұлдыз алады.)
1. Жұп сан дегеніміз не? (2 - ге бөлінетін натурал сандар)
2. Тақ сан дегеніміз не? (2 - ге бөлінбейтін натурал сандар)
3. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді? (жазылуы 0 және 5 цифрына аяқталатын натурал сандар)
4. 10 - ға қандай сандар бөлінеді? (0 цифрымен аяқталатын сандар)
5. Қандай сандар 3 - ке бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін натурал сандар)
6. Жай сандар дегеніміз не? (1 - ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)
7. Құрама сандар дегеніміз не? (Екіден көп бөлгіштері бар сандар)
8. Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу? (2; біреу)
9. ЕКОЕ дегеніміз не? (Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал
сан)
10. Шеңбер дегеніміз не? (Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта
жататын фигура)
11. Радиус дегеніміз не? (Шеңбер центрін оның бойындағы нүктемен қосатын кесінді)
12. Диаметр дегеніміз не? (центр арқылы өтетін, шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)
13. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда. (Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейтсек
немесе бөлсек, онда оған тең бөлшек алынады)
14. Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (Алымы бөлімінен кіші бөлшек)
15. Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (Алымы бөлімінен үлкен бөлшек)
16. Натурал сан қандай бөлшек (Бұрыс)
17. Аралас сан дегеніміз не? (Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан)
18. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз? (қайсысының алымы үлкен, сол бөлшек үлкен болады)
19. Алымдары бірдей екі бөлшекті қалай салыстырамыз? (қайсысының бөлімі кіші, сол бөлшек үлкен болады)
20. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (Алымдары қосылып, бөлімі өзгеріссіз жазылады)
21. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (Ортақ бөлімге келтіріп, бөлім етіп жазамыз, алымдарын қосамыз)
22. Жай бөлшектерді көбейту (Алымдарын көбейтіп алым етіп, бөлімдерін көбейтіп бөлім етіп жазамыз)
23. Аликвоттық бөлшек дегеніміз не? (Алымы 1 - ге тең дұрыс бөлшек)
24. Өзара кері сандар дегеніміз не? (Көбейтіндісі 1 - ге тең екі сан)
25. Жай бөлшектерді бөлу үшін (Бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек)
26. Санның бөлігін қалай табамыз? (Санды осы бөлшекке көбейту керек)

2 бөлім
«Қай пәнді қалайсың?» деп аталады. (Жұлдызы аз оқушы таңдайды)
Математика: Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?(Бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек)
Қазақ тілі: Дауысты дыбыстардың түрлерін ата. (Ашық, қысаң дауыстылар)
Орыс тілі: Что такое имя существительное? (Имя существительное часть речи которая отвечает на вопросы кто? что?)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 769
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуді қалыптастыру
«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны
«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×