Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс

06 қыркүйек 2012, Бейсенбі
Категориясы: Математика
“Ұшқыр ойлы топ” атты сабақтан тыс өткізілген математикадан интеллектуалды сайыстың бағдарламасы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео - аудио техникалар арқылы өткізу. Зал безендіріледі. Шарлар, қанатты сөздер.
1. “Математиканың өз тілі бар – ол формула“ Софья Ковалевская
2.: “Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
1.“Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек “. С. М. Ломоносов
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі “Ұшқыр ойлы топ” атты 9”А” және 9”Ә” сыныптары арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен 9”А” сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Дифференциал” және 9”Ә” сыныптың алғырларынан тұратын “Интеграл” топтарын ортаға шақырып құрмет - қошемет көрсетіп қояйық.

1 - жүргізуші:
Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

2 - жүргізуші:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
1 - жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа.
Жасықтан емессің сен, қаталдансың!
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән – “математика” атанғансың!

2 - жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
 Әділ қазылар алқасының төрайымы – мектеп директоры Рахимберлина Дидар Алимовна
 Мүшелері: Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Мекежанова Гульзира Мырзахнқызы
 Ғылыми - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар – Жунусова Фарида Умутжановна
 Математика пәнінің мұғалімі - Жанболат Ерсайын ұлы
 Әділқазылар алқасының техникалық көмекші операторлары:
10”А” сынып оқушысы Меруерт Қаратемір және Мағазам Сүлеймен
1 - жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген.

Ал қазір мен сіздерді “Дифференциал” тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі – Мұхамеджанова Айғаным
Мүшелері: Еңбек Арайлым, Байышева Аягөз, Дильбар, Кәрібаева Аида, Әділхан, Жайна
Сонымен сөз кезегін сәлемдесу рәсімі бойынша “Дифференциал” тобына береміз.
Топың ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: 1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2. Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.
Танысып қояйық, Жоғарғы математиканың
Дифференциал деген шөбересі біз боламыз,

Ұнамасаң ұп - ұсақ қылып бөлшектейтін де - біз боламыз.
2 - жүргізуші: “Интеграл” тобы, сөз кезегі сіздерге де келіп жетті.
Келесі кезекте мен сіздерді “Интеграл” тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі – Қабиден Жанболат

Мүшелері: Амандосов Абылайхан, Жұмашева Жанна, Жүнісов Біржан, Жақия Абай, Абдулман Райгуль, Абенова Гулдана, (Әшірбеков Думан)
Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Интеграл” тобына ұсынамыз.
Топың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,
Сәлемдесуі: 1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
2. Танысудан сірә бізде қашпаймыз.
Сізге кері Интеграл ағаң боламыз.
Бөлшекке салып бүлдіргенді,
Жинақтайтын да біз болармыз.

1 - жүргізуші: Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.
1 - кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Бұл кезеңде математикалық есептер шешіліп, сұрақтарға жауап беріледі.
2 - кезең. “Жорға” - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот).
3 - кезең. “Аударыспақ” – Үй тапсырмасы - Математикалық сиқырлар мен ойындар көрсету.
4 – кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу.
5 - кезең. “Теңге алу” – Салу есептерін шешу.
(Асем қала – Астанам. Видео - ролик - А. Жайлаубаев Астана әнжетек).
(Бәйге видео - ролик(Қазақ елі - Мұзарт, Сарыарқа саз жетек).

2 - жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,- дей келе біз алғашқы - Бәйге кезеңін бастайық.
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.

1 - жүргізуші:
1 - кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Әр топқа 5 сұрақтан алма кезек ұяшық таңдау арқылы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5, қателескен жағдайда жанкүйерге не қарсыласқа кезек беріліп, олар шешкен жағдайда 3 ұпайдан беріледі.
(Әр сұраққа ойлану кезінде күйлер мен әуендерден саз жетек фон ретінде ойналады.(Нұрғиса - Әлқисса, Еңсепов - Домбыра, Тәттімбет - сылқылдақ, т. б.))
1. Тапсырма: Екі өрнектің қосындысының квадраты
олардың біріншісінің квадратын, екі еселенген екеуінің көбейтіндісіне және екіншісінің квадратына қосқанға тең.

2. Тапсырма: Қос бұрыштың косинусы…
… α бұрышының косинусы мен синусының квадраттарының айырмасына тең болады.
3. Тапсырма: Sinα – қай ширектерде оң болады?
Жауабы: 1 - ші және 2 - ші ширектерде оң болады.
4. Тапсырма: Екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі, алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін... (қалай атайды?)
Арифметикалық прогрессия деп атайды
5. Синустар теоремасын айтыңыз...
Кез келген ұш бұрыштың қабырғалары оларға қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал болады.
6.
шешу.
7. теңсіздігін шешіңіздер.
Жауабын сан түзуінде кескіндеп, сандық аралық арқылы жазыңыздар
Он тапсырма жасалған

1 - жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

6 жұмбақ
2 - кезең. “Жорға” - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот) Р. Рымбаева Атамекен
Қазақша жауапқа - 5, орысша аудармаға - 1, ағылшынша аудармаға - 2 ұпай беріледі.
6 - Жұмбақ шешіледі.
2 - жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі Аударыспаққа көшейік.

1 - жүргізуші:
3 - кезең. “Аударыспақ” – Үй тапсырмасы - Әр топ алма - кзек бір математикалық ойын, бір математикалық сиқыр көрсетеді. Әрқайсысы 10 ұпаймен бағаланады.
(Ән - күймен жетек).
1 - жүргізуші:
Ұлттық ойын көкпар!
Білекті жігіт, белді ат,
Жекпе - жек, тартысты сәт,
Тақымы тастай батыр ұлдар мен сәйгүліктер додасы.
4 – кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу. Ұяшықтарды алма - кезек таңдау арқылы ұяшықтағы ұпайды иеленеді.
(Бәйге видео - ролик (Қазақ елі - Мұзарт, Сарыарқа саз жетек). Жанүйерлер, не қарсыластар шешкен жағдайда, сол ұпайдың жартысы беріледі.

2 - жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.

5 - кезең. “Теңге алу” – Салу есептері. Екі топ математикалық құралдағы номерлерді кезектесіп таңдай отырып, салу есептерін шешеді. Ойынның шарты, берілген тапсырманы тек қана сызғышты, циркульды және қарындашты ғана қолдану. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 5 ұпай беріледі.

2 - жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.
49 074
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы, №34 мектеп Бұғыбаев Мұхаметқали
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Ойнайық та, ойлайық!
Ойнайық та, ойлайық!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×