Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема

24 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы торемаға тұжырымдама жасау, есептер шығаруға қолдану, геометриялық фигураларды ажырата білу.
Дамытушылық: Тақырып бойынша негізгі мәселені анықтап, көрсете білу, танымдық – ізденіс қызметін дамыту.
Тәрбиелігі: Өздігінен ізденуге, білім алуға, еңбегінің нәтижесін бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кодоскоп, бұрыштық сызғыш.
Сабақтың түрі: жаңа теориялық материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жеке, жұптық жұмыс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау(сұрақ - жауап)
III. Жаңа теориялық материалды меңгерту
IV. Есептер шығару
V. Бағалау, қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру
Қайталау сұрақтары.
1. Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
2. Үшбұрыш дегеніміз не? Элементтерін ата.
3. Қандай төртбұрыш трапеция деп аталады?
4. Қандай трапецияны тең бүйірлі трапеция деп атайды?

Жаңа сабақ.
Үшбұрыштың орта сызығы деп оның екі қабырғасының орталарын қосатын кесіндіні атайды.
Т е о р е м а 1. 8. Үшбұрыштың берілген екі қабырғасының орталарын қосатын орта сызығы оның үшінші қабырғасына параллель және оның жартысына тең болады.
C
Д ә л е л д е у. ДЕ кесіндісі АВС үшбұрышының орта сызығы болсын (24 - сурет)
Д нүктесі арқылы АВ - ге параллель түзу жүргіземіз бұл түзу Фалес теоремасы бойынша АС кесіндісінің ортасынан өтеді, яғни ДЕ орта сызығын қамтиды. Ендеше, ДЕ орта сызығы АВ қабырғасына параллель.
Енді ДF орта сызығын жүргіземіз. Ол АС қабырғасына параллель.
АЕДF төртбұрышы - параллелограмм. Параллелограмның қасиеті бойынша ЕД=AF, ал Фалес теоремасы бойынша AF=FB. Сондықтан ЕД=. Теорема дәлелденді.
Бүір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.
Т е о р е м а 1. 9. Трапецияның орта сызығы оның табанына параллель және олардың жарым қосындысына тең болады.
Д ә л е л д е у. АВСД берілген трапеция болсын (27 - сурет).

В төбесі мен СД бүйір қабырғасының ортасы Р арқылы түзу жүргіземіз. Ол АД түзуін қандай да бір Е нүктесінде қиып өтеді. Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі бойынша РВС және РЕД үшбұрыштары тең. Оларда СР=DP, салуымыз бойынша, Р төбесіндегі бұрыштары вертикаль бұрыштар болғандықтан тең, ал РСВ мен РДЕ бұрыштары да тең, өйткені олар параллель. ВС мен АД түзулері және СД қиюшысы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар. Үшбұрыштардың теңдігінен олардың қабырғаларының теңдігі шығады: РВ=PE, ВС=ED.
Демек, трапецияның PQ орта сызығы АВЕ үшбұрышында орта сызығы болып табылады. Үшбұрыштың орта сызығының қасиеті бойынша PQ және

Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема. жүктеу
11 073
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Трапеция
Трапеция
Трапеция, оның түрлерімен және элементтерімен танысып, трапецияның элементтерін табуға есептер шығартып үйрету
Трапеция
Трапеция
Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру. Трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды үйрету.
Трапецияның ауданы
Трапецияның ауданы
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы КММ №16 орта мектептің математика пәні мұғалімі Акимбаева Р. М.
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің, математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар
Трапеция
Трапеция
ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы,М.Әуезов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қали Орынтай Төкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×