Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы

16 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы.

мақсаты: оқушыларға шеңбер ішінде қиылысқан хордалардың кесінділерінің қасиеті, шеңбер сыртында жатқан нүкте арқылы жүргізілген қиюшылардың кесінділерінің қасиетін меңгерту;

дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру;

тәрбиелік: өз бетімен әрекет ете алатын, ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы;
Сабақтың түрі: оқытудың үш өлшемді әдістемелік технологиясы бойынша;

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Еңбек ана, білім - қазына» дейді ғой дана халқымыз. Білім, ақыл – парасатты жеті қазынаның бірі деп киелі жеті санының қатарына жатқызған. Қазына деген сөз кен, байлық деген сөздерімен синоним, яғни байлық, кен деген сөздерге жуық болып келеді.
Сондықтан білім қазынасын іздеу арқылы сабағымызды жалғастырамыз.

ІІ. Өтілген оқу материалын қайталау
1) Шеңберге іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?
Жауап: Төбесі шеңбердің бойында жататын, ал қабырғалары шеңберді қиып өтетін бұрышты шеңберге іштей сызылған бұрыш деп атаймыз.
2) Оның қасиеті қандай?
Шеңберге іштей сызылған бұрыш өзі тірелетін доғаның жартысымен өлшенеді.
• ВС = 400
BAC =?

ІІІ. Жаңа сабақ
13 - теорема: Егер шеңбердің АВ және CD хордалары К нүктесінде қиылысса, онда
АК * КВ = DК * КC болады.(71сурет)

71 сурет
Дәлелдеу: АD және ВС хордаларын жүргізіп, АКD және ВКС үшбұрыштарын аламыз. Бұл үшбұрыштар ұқсас. Себебі, DВ доғасына тірелетін болғандықтан, A = C; вертикаль бұрыштар болғандықтан, АКD= ВКС. АС доғасына тірелетін D = В. АКD және ВКС үшбұрыштарының ұқсастығынан мына пропорцияларды аламыз: АК: СК = DК: КВ немесе АК: КВ = DК: СК. Дәлелденді.
14 – теорема: Егер шеңбер сыртында жатқан N нүктесінен шеңберді А, В, және С, D нүктелерінде қиятын екі қиюшы жүргізілсе, онда NА * NВ = NС * ND. Мұндағы А, С нүктелері N - ге жақын орналасқан нүктелер.(72 сурет)
Дәлелдеу:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы М. Әбдіхалықов мектеп - гимназиясының
математика және информатика пәні мұғалімі
Дуйшова Гулбаршын Дуйшовна

Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы. жүктеу
3 264
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын пысықтау
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын пысықтау
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы тақырыбын оқытуда топтық жұмысты ұйымдастыру.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшыларының пропорционалдығы
Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшыларының пропорционалдығы
Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшыларының пропорционалдығы
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Балаларға жеті санының киелі екенін жеті сурет бойынша түсіндіру. Жеті қазынаны атауға, саусақ театры арқылы балаларға әңгімелеу, айтылған ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге
Көрсеткіштік функция
Көрсеткіштік функция
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, Маршал Әбдіхалықов атындағы орта мектептің мұғалімі Дуйшова Г. Д.
Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы
Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, Маршал Әбдіхалықов атындағы орта мектептің мұғалімі Дуйшова Г. Д.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×